Ауғанстанда бейбітшілік орнату процесінің күрделілігі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v79.i1.06
        107 132

Аннотация

       

Ауғанстандағы көпжылдық қақтығыс елдегі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың шиеленісуіне әкеледі. Бұл тұрақты дамуға елеулі кедергі болып табылады, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікке қатер төндіреді. Катардағы 2020 жылдың қыркүйегінде АИР Үкіметі мен "Талибан" қозғалысы арасындағы бейбіт келіссөздер қақтығысты тоқтатуға және елдің бейбіт құрылысы мен дамуы жөніндегі шараларды жүзеге асыруға ықпал етуі мүмкін. Бірақ Ауғанстаннан халықаралық күштердің шығарылуы және "Талибан" Үкіметінің билікке келуі туралы хабарланғаннан кейінгі оқиғалар қақтығысты бейбіт жолмен тез арада шешу жолдарын іздеу мәселесін тағы да күн тәртібіне қойды.

        Мақалада Ауғанстандағы бейбітшілік үдерісін құрудың негізгі принциптері талданған. Бейбіт құрылғы процесіне қатысушы барлық тараптардың өзара әрекеттесуін зерттей отырып, авторлар келесі зерттеу сұрақтарын қояды: "Ауғанстанда бейбітшілік процесін орнатудағы негізгі қиындықтар қандай?" және "қазіргі Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу перспективасы бар ма?”.

       Дохадағы келіссөздер процесінің тікелей қатысушысы болған мақала авторларының бірінің сараптамалық қоғамдастықтың пікірін (Дельфи әдісі арқылы), сондай-ақ өз бақылауларын (енгізілген байқау әдісі) талдау негізінде, контент-анализ және эксперттік әдіс арқылы Ауғанстанда бейбітшілік орнатудағы ұлттық, аймақтық және халықаралық субъектілердің рөлі қарастырылды.

Түйін сөздер: Бейбітшілік, мемлекеттік құрылыс, тұрақтылық, АҚШ әскерлерін шығару, Ауғанстан

Жүктелулер

Как цитировать

Rakhimbekova, B. K., & Zaland, F. M. (2022). Ауғанстанда бейбітшілік орнату процесінің күрделілігі. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 79(1), 48–54. https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v79.i1.06