Ырымның қaзaқ мәдeни кодын құраудағы рөлі
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v80.i2.07Аннотация
Белгілі жайт, қазақтардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері ұлы даланың жазылмаған заңы болып табылады, тиісінше, ырымшылдық осы тұжырымдаманың тармақтарының бірі болып табылады. Мақалада қазақ халқының тарихи кезеңдерде, оның табиғи және географиялық ортасымен байланысты жинақтаған өмірлік тәжірибесі негізінде қалыптсақан ырым-тыйым жүйесі талқыланды. Мақалада отандық және шетелдік зерттеушілердің ата-ана тәрбиесіне, бөтен әдеттерден арылуға және ықтимал қауіптердің алдын алуға қатысты ырымдарға жасаған зерттеулеріне терең шолу жасалады. Белгілі бір тарихи даму мен мәдени эволюциядан өткен ұлт ретінде қазақ өзінің ұлттық мәдениетін күшейту мен дамтыуға мүдделі. Алып әлемдік мәдениеттердің әсерінен қорғану үшін қазақтың ырымдары мен ой-сана жүйесін орнын айшықтап алу қажет. Сондықтан бүгінгі күні қазақ мәдениетінің коды болып табылатын ырым және тыйым рәсімдердін жүйелеу маңызды. Мақалада ырымның қазіргі заманауи контекстегі рөлі, яғни Қазақстандағы қазіргі өмір жағдайларына бейімделуі қарастырылады.
Түйін сөздeр: қазақ ырымы, мәдeни код, рухани сана, ұлттық символ, дәстүр сабақтастығы, ұлттық құндылықтар жүйесі