Қазақстанның діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық бастамалары: саясаттанулық талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v79.i1.10
        124 116

Аннотация

Мемлекеттер мен қоғамдардың келешегін, олардың проблемаларын қазіргі дәуірдің әлемдік даму тенденциялары арнасы мен аясында ғана шынайы түсінуге болатындығы барлығына белгілі.

Осы тұрғыдан қарастырғанда, бұл мақалада халықаралық қатынастардың аса маңызды акторы болып табылатын Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігінің үш онжылдығы ішінде жаһандық, аймақтық және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі талқыға түседі.

Басылым интеграцияланған кешенді ғылыми көзқарас негізінде әлемдік саясаттың даму тенденциялардың пәрменді ықпалымен әлемдік конфессионалдық кеңістікте ұдайы жүзеге асып тұратын түрлі өзгерістерге, түрленулерге қарамастан бейбітшілік, келісім және қауіпсіздік жолындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасындағы диалогты насихаттау, жан-жақты дамыту және нығайту, сонымен қатар діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы практикалық жұмыстың басқа да бағыттарын ұйымдастыру үшін қолдау көрсету және әрекет етудегі Қазақстан мемлекетінің негізгі рөлін тануға басты назар аударады.

Мақалада зайырлы Қазақстанның егемендігінің үш онжылдығы барысында ұлттық және халықаралық контексте діни экстремизмге қарсы және/ немесе идеологиялық әрекеттің жаңа түрі болып табылатын «сенім атын жамылған экстремизмге» халықаралық терроризм субъектілерінің қолындағы жаңа типтегі идеялық қаруға қарсы тұруда қабылдаған нақты шаралары талқыланады.

Кілт сөздер: мемлекет, тәуелсіздік, жаһандану, стратегия, ұлттық қауіпсіздік, бейбітшілік, дін, халықаралық бастамалар, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, діни экстремизм, халықаралық терроризм.

Жүктелулер

Как цитировать

Azilkhanov, M. A., & Nurtazina, R. (2022). Қазақстанның діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық бастамалары: саясаттанулық талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 79(1), 88–103. https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v79.i1.10