ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТІ: ДӘСТҮРЛЕР ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v.82.i4.2
        655 198

Аннотация

Мақала өзекті ғылыми мәселеге – этникалық топтың менталитетін зерттеуге арналған. Менталитеттің талдауы бүгінгі таңда әртүрлі әдістерді қолдана отырып, әртүрлі бағытта жүзеге асырылады. Менталитеттің табиғаты, оның қалыптасу және қызмет ету ерекшеліктері зерттеледі, халық менталитетінің басым белгілері ашылады. Мақалада қазақ менталитетінің ең белгілі ерекшеліктері көрсетілген. Бұл мақалада авторлар қазақ философиясы негізінде Қазақстанның ұлттық менталитетіне, мәдениет формаларына, сондай-ақ оның ерекшеліктері зерттеледі. Бұл мақаланың мақсаты – ұлттық менталитеттің қалыптасу факторларын және азаматтардың ұлттық болмысымен байланысын анықтау. Болашақ зерттеуге қажетті негізгі категорияларды анықтау. Маңызды аспект – қазақ менталитетін ғана емес, жалпы Қазақстандық зерттеулер. Әсер етудің негізгі факторлары – тарихи аспект, дәстүр, тіл, ақпараттық алмасу. Негізгі аспектілердің бірі – көшпелілікті қазақ халқының болмысының негізі ретінде зерттеу. Бұл өз кезегінде қазіргі қоғамның басты құндылықтары болып табылады. Мақала авторлары ұлттық менталитеттің қалыптасуына қызмет еткен қазақ қоғамының қалыптасуын жіктейді. Фольклор теориялық емес даналықтың қайнар көзі бола отырып, әр дәуірдегі халықтың тұрмыстық дүниетанымын көрсетеді. Ол адамның дүниедегі бар болмысын түсінуге бағытталғанымен сипатталады, бұл философиямен байланысы.

Түйін сөздер: менталитет, ұлттық менталитет, ұлттық болмыс, болмыс, қазақ философиясы, мәдениеті.

Жүктелулер

Как цитировать

Kindikbayeva, K., Kuranbek, A., Myamesheva, G., Issakhan, M., & Lee, J. (2022). ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТІ: ДӘСТҮРЛЕР ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 82(4), 11–15. https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v.82.i4.2