Қазақстан Республикасы әлеуметтік саясатының жаңа моделінің түйінді ұғымдары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.80.i2.012
        216 212

Аннотация

Аннотация. Мақалада Қазақстан Республикасы әлеуметтік саясатының жаңа моделін әзірлеумен байланысты бірқатар дүниетанымдық және тұжырымдамалық-әдіснамалық мәселелер талқыланады. Кіріспеде Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде тұжырымдаған бірқатар қағидатты ережелерді негізге ала отырып мақала тақырыбының өзектілігі ашылады. Бірінші бөлімде мемлекеттік әлеуметтік саясаттың тиімділігінің интегралды критерийі халықтының өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады деген тезис негізделген. Өмір сүру сапасын бақылау кезінде әлеуметтік өмірдің материалдық және рухани саласының субъективті бағаларын да, объективті параметрлерін де анықтау қажет деген қорытынды жасалады. Екінші бөлімде «жақсы қоғам» ұғымының нормативтік-сипаттамалық аксиологиясы құрылады. Оның «идеалды қоғам» утопиялық тұжырымдамаларынан айырмашылығы ашылады. Үшінші бөлімде құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің арақатынасының диалектикасы көрсетіледі. Қорытындыда жүргізілген зерттеудің қорытындылары тұжырымдалады. Негізгі қорытынды бойынша халықтың негізгі бөлігінің өмір сүру сапасын арттыру, «жақсы қоғам» құру және әлеуметтік құқықтық мемлекет қалыптастыру Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының жаңа кезеңінің үштұғырлы міндеті болып табылады. Оны шешу қазақстандық қоғамды кешенді жаңғыртудың стратегиялық басымдығына айналуы тиіс.

Түйін сөздер: әлеуметтік саясат, өмір сапасы, жақсы қоғам, заң үстемдігі, әлеуметтік мемлекет.

Жүктелулер

Как цитировать

Dunaev, V., & Kurganskaya, V. (2022). Қазақстан Республикасы әлеуметтік саясатының жаңа моделінің түйінді ұғымдары. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 80(2), 120–132. https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.80.i2.012