Ұлттық бірегейліктің этносаяси тұжырымдамалары: әлемдік тәжірибе және қазақстандық үлгі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.83.i1.8
        158 225

Аннотация

Ұлттың өзін-өзі анықтау мәселесі этносаясаттағы өзекті тақырып болып табылады, өйткені бұл ұғым ұлттық-мәдени бірегейлік пен азаматтық сана-сезімді, патриотизм мен мемлекетшілдік ұстанымды, қоғамдық келісім мен ұлтаралық қатынастар саласындағы мәдениетті қамтитын күрделі ұғым. Халқының құрамы күрделі көпэтносты мемлекеттер үшін ел ішінде жасампаз ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мен нығайту қоғамдағы достық пен ынтымақтың кепілі, жалпыұлттық идеяға бірігу мен ұлттық дамудың даңғыл жолы. Алайда ұлттық бірегейлікті қалыптастыру қиындығы мен ішкі қайшылығы көп ауыр міндет болып табылады, сондықтан әлемдік саяси тәжірибеде түрлі тұжырымдамалар мен үлгілер туындаған. Оларға салыстырмалы талдау жасау, қорыту және тиісті сабақтар ала білу аса маңызды. Бұл мақаланың авторлары «ұлттық бірегейлік» ұғымын әлемнің әртүрлі ғылыми мектептері (француз, неміс және т.б.) тұрғысынан қарастырады. Сондай-ақ, қазіргі қоғамның қалыптасуы мен дамуындағы қарастырылып отырған сәйкестік формаларының рөлі талданады.

Мақалада этникалық бірегейліктің ерекшеліктері, әлемдік тәжірибесі мен қазақстандық үлгісі талданып ұлттық-мәдени бірегейлікті қалыптастыру және сақтау мәселесі  этносаяси  тұжырымдамалар тұрғысынан қарастырылады. Көпэтносты мемлекеттердегі ұлт саясатын жүзеге асыру мен ұлттық-азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың өзекті мәселелері көтеріледі, осы бағыттағы жұмыстарды дамытуға септігін тигізетін ұсыныстар беріледі.

Кілт сөздер: ұлт саясаты, этнос, ұлт, нация, диаспора,  ынтымақтастық, этносаралық қатынастар, ұлттық ерекшеліктер.

Жүктелулер

Как цитировать

Sakbekova, A., & Mussataev, S. (2023). Ұлттық бірегейліктің этносаяси тұжырымдамалары: әлемдік тәжірибе және қазақстандық үлгі. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 83(1). https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.83.i1.8