АЙНАЛМАЛЫ БИЛЕР МӘДЕНИ ДЕВИАЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУШЫ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Е. Osserbayev КазНУ им.аль-Фараби http://orcid.org/0000-0002-2842-0141
  • A. Ghosh Стратегиялық менеджмент қызметкері, IIM Калькутта, Үндістан Кәсіпкерлікті және инновацияларды басқару, Стратегиялық менеджмент кафедрасының доценті http://orcid.org/0000-0002-6022-1943

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v77.i3.08
        66 108

Аннотация

Би – діни рәсімдердің табиғи бөлігі және адамның Құдаймен қарым-қатынасының негізгі формасы, сонымен қатар ішкі сезімді білдірудің, Құдайдың бірлігін іздеудің жоғары формасы. Биде алғашқы адам планетарлық және ғарыштық ырғақтар мен процестерді қабылдады, қимыл арқылы көрсетті және білдірді. Ол табиғат күштерімен тікелей байланысқа түседі. Мәдениеттің символдық формасы ретінде би сиқырлы рәсімдермен байланысады. Айналмалы билер ұжымдық үйлесімділікке қол жеткізу және табиғат рухтарымен қарым-қатынас құралы ретінде белгілі. Көшпенділердің айналмалы билеріндегі қимылдар мен қимылдарды түсіндіру өнер ретінде және  салттық би ретінде қабылданады.

Қимыл, қозғалыс, би - бұл жазу және музыка пайда болғанға дейін болған алғашқы тілдің формасы болғаны белгілі. Индивидуальды  және тобырлық деңгейде адамзат қозғалыстың әртүрлі ішкі күйлері мен белгілерін бастан өткерді. Вербальды емес яғни, жазбаша тілді ойлап тапқан кезеңге дейін би – тарихи, мәдени кодты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің маңызды әдісі болды. Айналмалы билер Таяу Шығыста, Шығыс және Оңтүстік Еуропада кең таралған. Қазіргі заманғы айналмалы би дәстүрлі халық билерін, негізінен еуропалық немесе шығыс елдерінен, ежелгі және қазіргі заманғы әр түрлі музыкамен синтезделіп, сахналанған билермен біріктіріледі.

Түйін сөздер: айналмалы билер, символдық форма, дәстүрлі би, мәдени девиация, көшпенділер мәдениеті

Жүктелулер

Как цитировать

Osserbayev Е., & Ghosh, A. (2021). АЙНАЛМАЛЫ БИЛЕР МӘДЕНИ ДЕВИАЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУШЫ РЕТІНДЕ. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 77(3), 83–91. https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v77.i3.08