ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САЯСИ ҚАТЫСУ АРХИТЕКТУРАСЫ: САЯСИ ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v77.i3.10
        96 92

Аннотация

Саяси қатысу қазіргі қоғамның саяси жүйесінің институты ретінде мемлекеттік өмірді демократияландыру факторы ұғымымен байланысты. Саяси қатысудың архитектурасы - адамдардың билікті бақылауға немесе билікке қысым жасауға бағытталған белсенділігі жәні саяси әрекеттері, саяси процесті бағалаудың басты критерийі болып табылады.

Мақаланың мақсаты жаһандану жағдайында азаматтардың саяси қатысу институтының тұжырымдамалық аспектілерін саяси талдау болып табылады. Мақсатты көзқарас осы зерттеудің келесі негізгі бағыттары мен идеяларын анықтады: саяси қатысу саяси талдаудың объектісі ретінде демократиясы дамыған шетел ғалымдарының тарихи тұжырымдамаларының парадигмасында олардың демократиясы жас елдердердің саяси процестеріне өзгеруін ескере отырып талданды. Саяси жүйелердің жаһандық трансформациясы қоғамды демократияландыру факторы ретінде саяси қатысу институтының дамуына айтарлықтай әсер етті. Жаһанданудың сын-қатерлері қазіргі заманғы мемлекеттердің саяси жүйелерін трансформациялау процесін жаңғыртудың шұғыл қажеттілігін негіздейді.

Заманауи ғылыми әдістер мен шетелдік дереккөздердің кең ауқымы негізінде демократияны дамыту үшін саяси қатысудың мәні мен маңызы туралы жаһандық пікірталасқа талдау жасалды. Жалпы ғылыми және арнайы әдістерді қолдану зерттелетін объект эволюциясының барлық кезеңдерінде әртүрлі мемлекеттердегі қоғамды демократияландыру тұрғысынан саяси қатысу процесіне жан-жақты талдау жасауға мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижелері саяси даму құбылысы, саяси трансформацияның құндылықтары мен мінез-құлық аспектілері туралы ғылыми білімнің шекарасын кеңейтеді. Зерттеу материалдары нақты практикалық саяси шешімдердің теориялық негізін тұжырымдамалау үшін де, қазіргі мемлекеттердегі жалпы саяси процестің жалпы даму сценарийін және атап айтқанда саяси қатысуды модельдеу үшін негіз бола алады.

  Кілт сөздер: саяси қатысу, саяси процесс, трансформация, саяси талдау, демократия, жаһандану.

Жүктелулер

Как цитировать

Serikzhanova А. Т., Nurtazina R. А., & Lanko, D. A. (2021). ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САЯСИ ҚАТЫСУ АРХИТЕКТУРАСЫ: САЯСИ ТАЛДАУ. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 77(3), 103–113. https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v77.i3.10