Түркі интеграциясы: қалыптасу тарихы және елбасы бастамалары
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v76.i2.12Аннотация
Мақала Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында түркі интеграциясы идеясын талдауға арналған. Қазіргі заманғы форматтағы түркі интеграциясы идеясының бір жарым ғасырлық тарихы бар екені анықталды. Оның бастауында И. Гаспаралы, С. Жантурин, Ю. Акчура, А. Гусейнзаде, А. Агаоғлу, Г. Ибрагимов, А.-М. Топчубашев, М. Бигеев, Ш. Сыртланов, С. Максуди және т. б. түркітілдес елдердің көрнекті өкілдері тұрды. Революцияға дейінгі Ресейде түркі интеграциясы идеяларын таратуда Исмаил Гаспаралы мен «Терджиман» газетінің рөлі ерекше. Қазақстанда түркі халықтары интеграциясының ең белсенді жақтаушысы Мұстафа Шоқай болды. Түркизм идеяларын негіздеуге атақты түркологтар Х.-С. Ходжаев, Б. Чобан-заде, С. Асфендияров елеулі үлес қосты. Тәуелсіздік алғаннан кейін және бес жаңа түркі мемлекеті пайда болғаннан кейін түркі интеграциясы идеясы жаңа мағына мен қарқын алды. Интеграция идеясы мемлекетаралық қатынастардағы маңызды саяси факторға айнала бастады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде бақылаушы мәртебесіне ие болған толыққанды халықаралық ұйым – Түркі кеңесі құрылды. Түркі интеграциясының ұйымдық құрылымдарын қалыптастыру бойынша іске асырылған көптеген бастамалар: ТМЫК Хатшылығы, ТүркПА, ТҮРКСОЙ, Түркі академиясы, Ақсақалдар кеңесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен және қызметімен байланысты. Түйін сөздер: түркі интеграциясы, И. Гаспаралы, «Терджиман» газеті, түркизм қағидаты, Мұстафа Шоқай, түркологтар, Түркі Кеңесі, ТүркПА, ТҮРКСОЙ, Түркі академиясы, Нұрсұлтан Назарбаев.