Қазақстандағы институционалдық сенім: аймақтық ерекшеліктер
DOI:
https://doi.org/10.26577//jpcp.2022.v79.i1.09Аннотация
Институционалдық сенім мемлекет тұрақтылығының маңызды факторларының бірі болып табылады, сондықтан оны зерттеу кез келген жағдайда өзекті болып табылады. Институционалдық сенімді зерттеудің маңыздылығының тағы бір себебі, азаматтардың саяси билікке қатынасын анықтау және саяси мінез-құлықты болжау мүмкіндігінің болуы. Бүгінгі таңда әртүрлі саяси институттарға сенім білдіру аясында көптеген ғылыми еңбектер бар. Бірақ Қазақстан азаматтарының сенімінің аймақтық аспектісі осы күнге дейін жеткілікті деңгейде зерттелмеген, сондықтан бұл мақала Қазақстандағы институционалдық сенімнің аймақтық ерекшеліктерін зерттеуге және талдауға бағытталған. Ғылыми теориялық еңбектер сенім құбылысын, оның саяси жүйедегі рөлі мен функцияларын қарастыруға мүмкіндік берді. Дүниежүзілік құндылықтар шолуының (ДҚЖ) зерттеу деректері Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан келген респонденттердің институционалдық сенім деңгейін анықтауға және оны респонденттердің өмірімен және материалдық жағдайымен қанағаттанумен салыстыруға мүмкіндік берді, сонымен бірге саяси қатысу және мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қатысуын респонденттердің бағалауымен қарастырылды. Нәтижесінде, институттарға деген сенімділіктің саяси іс-әрекеттің әр түрлі формаларына қатысуда қалай әсер етуі мүмкін екендігі анықталды. Мақала AP08857524 "Қазақстандағы наразылық әлеуеті: ерекшеліктері, факторлары мен трендтері" ғылыми жобасы аясында жазылған.
Түйінді сөздер: институционалдық сенім, саяси наразылық, саяси құндылықтар, саяси қатысу.