Ник Бостром философиясындағы адам және адамзат болашағы
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v76.i2.06Аннотация
Ұсынылып отырған зерттеу Оксфорд университетінің профессоры, философ-трансгуманист, футуролог, Бүкіләлемдік трансгуманистік ассоциацияның негізін қалаушы, Адамзат болашағы орталығының директоры (Оксфорд университеті) Н. Бостромның философиялық ілімін талдауға арналған. Оның еңбектері батыстық философияның мейнстриміне жатады, бірақ біздің елімізде кеңінен таныс емес. Мақалада философтың адамның, адамзаттың болашағына арналған идеялары талданады, олар трансгуманистік көзқарасқа жатады, адамның болашағын болжауға жасалған талпыныс болып табылады. Н. Бостром трансгуманизмді интеллектуалды феномен және қоғамдық қозғалыс ретінде қарастырады. Зерттеу мақсаттары тарихилық пен логикалық, нақтылық, жүйелілік принциптері арқылы жүзеге асырылған. Н. Бостром еңбектерін талдау нәтижесінде, институцияның бағдарламалық мақалаларын, ойшылдың пікірлерін сынға алатын авторлардың көптеген шығармаларын талдау арқылы оның көзқарастарын, қызметіне баға беру іске асырылған. Зерттеу материалдары оқырмандарға қазіргі Батыстағы өзекті философиялық мәселелерден хабар береді, қазіргі замандағы пікірталастардың мазмұнын ашады. Мақалада адам мен адамзаттың болашағы мәселелеріне арналған Н. Бостромның авторлық мәтіндерін талдауға жасалған талпыныс оның адамның мәні, мақсат-мүддесі туралы пікірлерінің ерекшеліктерін, болашақты болжауға арналған әдістердің қалыптасуын, болашақта болуы мүмкін жаһандық қатерлерді анықтау және Н. Бостромның трансгуманизм тарихын реконструкциялауы сияқты мәселелер қарастырылған.
Түйін сөздер: адам, адамзат, Н. Бостром, болашақ, жаһандық қатерлер, трансгуманизм, футурология.