Наразылықтың әлеуметтік-саяси сипаты және оның салдары (Украина мен Беларусь мысалында)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v76.i2.10
        92 91

Аннотация

Биліктің іс-әрекеттеріне қанағаттанбау, наразылық әлеуеті мен әлеуметтік шиеленістің өсуі
қоғамның белсенді іс-қимылдарының алғышарттарының қалыптасуына, соның ішінде жаппай
демонстрацияларға және тіпті елдің саяси режимінің революциялық өзгеруіне, мемлекет
дамуының ішкі және сыртқы саясатындағы өзгерістерге әкеледі. Посткеңестік кеңістіктегі Шығыс Еуропа бөлігінде наразылық белсенділігінің ең айқын мысалдарына көбінесе 2013-2014 жылдардағы мемлекеттік басқару органдары жағдайды тұрақтандыруға қабілетсіздігін көрсеткен, кейін қолданыстағы режим басқа саяси күштермен ығыстырылған Украинадағы оқиғалар жатады. Бұл Украинаның Ресеймен әскери қақтығысына, содан кейін елдің сыртқы саяси бағытының түбегейлі өзгеруіне әкелді. Екінші мысал – Беларуссиядағы 2020 жылғы жаппай наразылықтар. Олар қазіргі президенттің отставкаға кетуіне әкелмегенімен, елдің жағымды экономикалық көрсеткіштері болғанына қарамастан биліктің әрекеттеріне наразылықтың, тұтастай алғанда мемлекеттің даму бағытын қолдау деңгейінің әлсіздігін көрсетіп, қоғамдағы наразылық әлеуетінің барлығын көрсетті.

Бұл мақаланың мақсаты – наразылық әлеуетінің шырқау шегіне, қоғамның бір бөлігінің наразылығына және адамдардың көшеге жаппай шығуына, сондай-ақ 2013-2014 жылдардағы Украинадағы, 2020 жылы Беларусьтегі наразылықтардың нәтижелері бойынша қоғамдағы және мемлекеттік саясаттағы әлеуметтік-саяси салдарға әкелген себептерді анықтау. Мақалада қолданылатын әдіснаманың негізін «case-study” әдісі құрады. Салыстырмалы талдау 2004-2021 жылдар аралығында Украина мен Беларусьте жүргізілген әлеуметтік сауалнамалардың деректері негізінде жүргізілді.

ҒЗЖ (ғылыми-зерттеу жұмысы) аясында жазылған мақала тақырыбы АР08857524 «Қазақстандағы наразылық әлеуеті: ерекшеліктері, факторлары және трендтері». Жұмыс посткеңестік кеңістіктегі наразылық белсенділігін одан әрі зерттеу үшін, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси қажеттіліктерін қанағаттандыратын мемлекеттік саясатты әзірлеу мақсатында жағдайдың даму сценарийлерін модельдеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Түйін сөздер: әлеуметтік наразылық, наразылық қозғалыстары, наразылық әлеуеті, әлеуметтік шиеленіс.

Жүктелулер

Как цитировать

Poita, Y. (2021). Наразылықтың әлеуметтік-саяси сипаты және оның салдары (Украина мен Беларусь мысалында). ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 76(2), 98–111. https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v76.i2.10