Атамекенді дамытудағы шетелдік диаспораның рөлі: қытайлық «хуацяо» мысалында

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v76.i2.11
        135 109

Аннотация

Қазіргі кезде әлемдегі жалпы диаспоралардың ішінде «хуацяо» деп аталатын қытайлық диаспораның саны ең көп болып саналады. Қытайлық хуацяоның 50 миллионнан астам өкілдері әлемнің 150-ден астам елінде тұрады. Ашықтық пен реформалар саясаты басталғалы бері Қытай Халық Республикасы (ҚХР) басшылығы қытайлық диаспорамен жұмыс істеуге үлкен мән бере бастады, Қытай коммунистік партиясы (ҚКП) оның әлеуеті қаншалықты жоғары екенін түсінді. Өйткені, көші-қон үдерістері – қазіргі заманғы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты. Осы мақаланың аясында авторлар «Қытай ғажайыбы» деп танылған ҚХР жаңғырып дамуына «хуацяоның» қосқан үлесін, қытай билігінің шетелдік қытай диаспорасымен қарым-қатынас жасасу саясатының ерекшеліктерін қарастырады. Мақалада жаһандану жағдайындағы қытай халқының әлем елдеріне эмиграциялық ағындары, шетелдік қытайлардың ішкі шоғырлану ерекшеліктері мен олардың қабылдаушы қоғамға енуі, қытай диаспорасының өздерінің тарихи отанымен өзара іс-қимылы және ҚХР-дың саясиэкономикалық жаңғыруына тигізген ықпалына саясаттанулық талдау жасалады. Шетелдік қытай диаспорасы мен ҚХР көші-қон саясатының тәжірибесін қорытып, Қазақстан үшін үлгі боларлық сабақ алуға болады. Қытайлық тәжірибеге сүйене отырып, әлем елдерінде шашырай қоныстанған бес миллионға жуық қазақ диаспорасы да Қазақстанды дамытуға үлес қоса алатын әлеуетті күш ретінде танылады, шетелдік қазақтармен рухани-мәдени қарым-қатынас жасаудан бастап экономикалық ынтымақтастық орнатуға дейінгі аралықтағы өзекті мәселелері көтеріледі, осы бағыттағы жұмыстарды дамытуға септігін тигізетін ұсыныстар беріледі. Түйін сөздер: көші-қон саясаты, ұлт саясаты, диаспора, ирридента, «хуацяо», ынтымақтастық, тарихи отан, репатриация, қандастар.

Жүктелулер

Как цитировать

Mussatayev, S., Orazakynkyzy, F., & Shamshiev, P. R. (2021). Атамекенді дамытудағы шетелдік диаспораның рөлі: қытайлық «хуацяо» мысалында. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 76(2), 112–122. https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v76.i2.11