LABΩ жобасы

Авторлар

  • P. Taranto Экс-Марсель Университетi Центр Жиль Гастон Гранже, Франция, Экс-ан-Прованс қ.
  • G. Di Liberti Экс-Марсель Университетi Центр Жиль Гастон Гранже, Франция, Экс-ан-Прованс қ.
  • S. Motta Экс-Марсель Университетi Центр Жиль Гастон Гранже, Франция, Экс-ан-Прованс қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v75.i1.04
        92 62

Аннотация

Бірлесе жүргізілетін тақырыптық жобаларды, әсіресе SHS, LAB салалары бойынша жобаларды жүзеге асыруға арналған онлайн-зерттеу мен оқыту платформаларының жаңа концепциясы зерттеу бағдарламасын қаржыландыру іздеуді қажет етпей-ақ, тек жобаның ғылыми мүдделерінің негізінде ғана халықаралық, көпсалалы және көпдеңгейлі жүйені (сауатты қызығушыдан бастап докторант арқылы PR-ға дейін) қамти отырып тез іске қосуға және табысты аяқтауға мүмкіндік береді. Мақала алғаш рет француз тілінде Жиль Гастон Гранже орталығының директоры П. Тарантоның интервьюі түрінде жарияланды (Dématérialiser la recherche pour revenir à l’essentiel: le projet LABΩ // La Lettre de l’InSHS, №66, juillet 2020, pp. 14- 17). Мақала орталықтың қазіргі заманғы цифрлы әлемде гуманитарлық пәндер саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға қатысты ғылыми жобаларының бірі туралы толығырақ баяндайды. Авторлар цифрландыру үдерісі цифрлық әлемде ғылыми жұмыс жүргізудің үдерісі мен әдістемесіне қалай әсер ететіні туралы сұраққа жауап береді, сонымен қатар, платформаның осыған арналған цифрлық құралдарының мәнін ашады. Мақала Еуроодақтың гранттық қаржыландыру бағдарламасына ие болған «Қазақстан Республикасындағы цифрлы гуманитаристика: жаһандық мәселелерді локалды шешу» атты еуропалық-қазақстандық жобаны жүзеге асыру аясында жарияланып отыр. Жоба бойынша дәрістер жүргізіліп, КАОК дайындалады және ғылыми мақалалар жарияланады. Мақала авторлары қазақстандық зерттеушілерді Қазақстан Республикасындағы цифрлы гуманитарлық зерттеулер тақырыбы бойынша пікірталасқа және ой бөлісуге шақырады. Түйін сөздер: цифрлы гуманитарлық ғылымдар, цифрландыру, халықаралық жобалар, LABΩ, Қазақстан Республикасы.

Жүктелулер

Как цитировать

Taranto, P., Di Liberti, G., & Motta, S. (2021). LABΩ жобасы. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 75(№1), 36–40. https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v75.i1.04