Қиянатсыздық ілімінің пәрменділігін зерделеу мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v75.i1.03Аннотация
Мақалада қиянатсыздық ілімінің заманауи қоғамдағы пәрменділігі аясындағы мәселелер
зерделенуде. Барлық кезде, бүгін ХХІ ғасырда да өмірдің барлық салаларында, жердің әр
түрлі аймақтарында жергілікті қақтығыстар, азаматтық соғыстар орын алуда. Ауқымы жағынан
соғыстар азайғанымен, олардың зардабы нақты қоғам үшін зор негативті әсерін тигізуде. Онымен
қоса, соғыстың дәстүрлі тәсілдерінен гөрі қазіргі таңда жаңа технологиялардың әлеуеті барынша
қолдануда. Қару-жарақ пен ықпал ету формалары түрленіп, күрделенуде. Яғни, ашық соғыстар
азайып, шартты түрде бейбіт заман орнағанымен, адамзат қауымдастығы жалпы дағдарыстық
күйді кешіп отыр.
Үздіксіз күрес пен бәсекеге, менменшілдікке салына беру адамзаттың болашағына айтарлықтай
күмән келтіреді. Бүгінгі күні адамзат баласы бірқатар көкейкесті мәселелерді сана-сезімнің
жаңа деңгейіне көтеріліп, қайта бағамдауы тиіс. Әр түрлі қоғамдар мен қауымдастықтардың
жүйелі және сапалы дамуы олардың қиратушылық емес, шығармашылық жолмен дами алу
мүмкіндіктеріне байланысты.
Қиянатсыздық ілімінің негізі сонау көне заманда қалыптасқанымен, қоғамдық және саяси
өмір тарихында қолдану мысалдары көп емес. Дегенмен, заманауи зерттеулер қиянатсыздық
қағидаттарын нақты мақсаттарға жету жолында қолдануға болатындығын және күш қолдануға
қарағанда қиянатсыздық тәжірибесі әлдеқайда пәрменді екендігін байқатуда.
Түйін сөздер: қиянатсыздық, пацифизм, бейбіт әлем, күш қолдану, жаһандық әлем, адам