Философия тарихындағы ғылыми білімнің ақиқаттылығы мен негізділігін айқындау мәселесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v76.i2.01
        137 1428

Аннотация

Бұл мақалада антикалық дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін әлемнің дүниетанымдық бейнесін қалыптастырудағы ғылымның орны мен рөлін анықтау мәселелері қарастырылады.Автор ежелгі, ортағасырлық, сонымен қатар қазіргі еуропалық ортадағы білімнің философиялық-әдістемелік шынайылығы мен сенімділігін анықтауға негізделген проблемалар мен принциптер ғылым мен ғылыми емес көзқарастар арасындағы тұрақты қарама-қайшылық жағдайында болды деген тұжырымға келеді. Оны дәлелденген немесе ұсынылған дүниетанымның таралуындағы қарама-қайшы көзқарастардың полемикасынан көрсете отырып, кейінірек скептицизм мен ақылға қонымсыз, дәлелденбейтін көзқарастарды материалистік тұрғыда теріске шығарудан қалыптасқан ағартушылық қайта құрулардан кейінгі философтардың білімнің мәні туралы көзқарастары арқылы білдіреді.

ХХ ғасырдағы шынайы білім критерийлерін анықтау бойынша қиындық логикалық релятивизмнің қалыптасуына себеп болды, дегенмен, қазіргі уақытқа дейін бұл даулы мәселе шешілмеген және ғылыми және ғылыми емес білім туралы пікірталастарда метафизиканы және қолда бар білімді әлемді танудың басқа тәсілдерімен өзара байланыстыруды айыптау туралы теориялар кең мойындалып отыр.

Мақалада жетекші тарихи тұлғалар қолданған білімді іздеу мен дәлелдеудің ерекшеліктері ашып көрсетілді. Автор ежелгі дәуірден біздің заманға дейінгі белгілі ғалымдардың еңбектерін талдау арқылы білім шегін анықтауға негізделген принциптер мен әдістерді анықтап көрсетеді. Қазіргі философияда бұл мәселе түпкілікті шешілмегені, бірақ шынайы және шынайылықтан алыс білім мен оны анықтау критерийлері туралы бірқатар қызықты болжамдар бар екендігі атап өтілген.

Түйін сөздер: ғылым, метафизика, білімнің шынайылығы, нақты ғылым, негізделген білім, дәлелді ғылым, логикалық релятивизм, демаркация.

Жүктелулер

Как цитировать

Kalpetkhodzhaeva S. К. (2021). Философия тарихындағы ғылыми білімнің ақиқаттылығы мен негізділігін айқындау мәселесі. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 76(2), 4–19. https://doi.org/10.26577/jpcp.2021.v76.i2.01