Газет басылымдарының символдық мәні: Дижитал дәуірдегі газет атауларының үлгілерін талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v74.i4.08Аннотация
Дүние жүзіндегі баспа газеттерінің атаулары мәдени және саяси жағынан алуан түрлі, бірақ оларға кейбір ортақ тақырыптар мен логикалық заңдылықтар тән. Post, Times, Evening, Daily, News, Truth және Independent сөздері жиі қолданылғанымен, тақырып элементтеріндегі креативті вариация әр газеттің дүниежүзілік жаңалықтар картасындағы даралығын көрсетеді. Кей газет атауы бірегей тарихи мұраға сілтеме жасайды, кейбірі мәдени құндылықты білдіреді, тағы бірі белгілі бір географиялық қаланы, штатты немесе аймақты көрсетеді, ал кей газет атауы ондағы жаңалықтардың «соны» екенін білдіреді. Бұл пилоттық зерттеу АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қазақстан, Үндістан және Оңтүстік Африка Республикасы сынды жеті елдегі басылымдар легін қарастырады. «Негізделген теория» («grounded theory») және мәтін мен визуал дискурс анализ газет атауларын зерттеу әдісі ретінде қолданылып, дижитал түрде пайда болған жаңалық платформалары бұл зерттеуге мақсатты түрде қосылмады және бастапқыда қағаз газет түрінде шығарылған басылымдар атауларына ғана көңіл бөлінді. Әр елдегі 50-ге жуық жетекші газеттің онлайн және баспа версиясы слогандарын талдай отырып бұл жұмыс атау мен слоган таңдау тенденциялары мен айырмашылықтарын анықтайды.