Қазақстан азаматтарының БАҚ мониторингі аясындағы сайлау институтына сенімсіздік таныту себептері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v71.i1.12
        162 142

Аннотация

Сайлау – демократияның маңызды институты, сондықтан оларға сенімсіздік легитимді дағдарысының факторларының бірі болуы мүмкін. Қазіргі жағдайда саяси институттарға сеніммен байланысты көптеген зерттеулер жүргізілуде: президенттік институт, парламент, саяси партиялар және басқалар. Сонымен бірге, қазақстандықтардың сайлау институтына сену проблемасы әлі де жақсы түсіндірілмеген күйінде қалып отыр. Сондықтан, бұл мақалада Қазақстанның сайлау институтына сенбеуінің себептері мен факторларына (экономикалық, саяси, тарихи, мәдени, ұйымдастырушылық факторлар) назар аударылған. Ғалымдардың теориялық еңбектерін зерттеу «сенім» категориясының маңызды мазмұнын, оның қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі мен функцияларын ашуға мүмкіндік берді. Интернеттегі жаңалықтар ресурстарына деген сұраныс тереңдетілген, сондықтан зерттеу қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл тақырып ерекше өзекті, өйткені әлеуметтік желілер азаматтардың мемлекеттік органдар жүргізетін саясатқа қатынасын, халықтың саяси мәдениеті мен құндылықтарын, олардың саяси қатысу деңгейлерін көрсетеді. OMSystem ақпараттық кеңістігінде пікірлер мен сілтемелер мониторингі бағдарламасының көмегімен үлкен мәліметтер жиынтығы алынды, бұл қазақстандықтардың сайлау институтына сенбеуінің негізгі себептерін анықтауға мүмкіндік берді.

Жүктелулер

Как цитировать

Zhunussova, A. (2020). Қазақстан азаматтарының БАҚ мониторингі аясындағы сайлау институтына сенімсіздік таныту себептері. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 71(1), 109–119. https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v71.i1.12