Зайырлылықты анықтаудағы негізгі методологиялық тәсілдемелер: Қазақстан тәжірибесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.029Аннотация
Осы мақала батыстық саяси ойдағы секуляризмнің әдістемелік тәсілдері мен тұжырымдама- лық негіздерін анықтауға арналған. Әрбір қоғамның тарихи, әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени ерекшеліктеріне байланысты «секуляризм» және «зайырлылық» ұғымдары қалыптасып, дамығаны белгілі. Қоғамдық кеңістіктегі түрлі факторлар, әлеуметтік өзгерістер мен дін роліндегі өзгерістер осы тұжырымдамалардың мазмұнын түзетеді. Осыған байланысты осы мақалада авторлар негізгі екі траекторияны немесе қазіргі әлемдегі зайырлы модельдерге ықпал ететін дін мен саясат арасындағы қарым-қатынасты басқарудың екі стратегиясын қарастырады. Мақалада «зайырлылық», «зайырлылық қағидаты», «секуляризм», «секуляризация» ұғымдары арасындағы айырмашылығына түсіндірме беріледі. Авторлар секуляризмнің белгілі бір моделіне әсер ететін секуляризмнің және әлеуметтік-саяси факторлардың негізгі модельдері мен интерпретацияларын талдайды. Сондай-ақ, мақалада қазіргі діни жағдай және дін саласындағы Қазақстан Республикасының саясаты талқыланады. Авторлар Қазақстандағы зайырлылық қағидаттары мен критерийлерін анықтауда мемлекеттік саясат тәжірибесін талдайды және зайырлылық принциптерін анықтау бойынша ұсыныстарды ұсынады.Жүктелулер
Как цитировать
Sikhimbayeva, D., & Shingispaev, L. (2019). Зайырлылықты анықтаудағы негізгі методологиялық тәсілдемелер: Қазақстан тәжірибесі. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 68(2), 274–281. https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.029
Шығарылым
Бөлім
ПОЛИТОЛОГИЯ