Ақыт Үлімжіұлының діни дүниетанымындағы ерекшеліктер

Авторлар

  • M. Makhmet Нұр-Мүбарак Египет ислам мəдениеті университеті
  • K. Yerzhan Египетский университет исламской культуры Нур-Мубарак
  • N. Mukan әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.019
        81 136

Аннотация

Мақалада ХХ ғасырдағы Қытайдың қоғамдық тарихи даму процесі негізінде Қытайдағы қазақтардың діни мәдениеті, діни ағартушылық істерінің дамуы, діни сананың жаңғыруы сынды руханият мәселелері жүйелі түрде қарастырылады. Қытайдағы қазақтар арасынан шыққан ойшыл ақын Ақыт Үлімжіұлының өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасалады. Сонымен бірге ХХ ғасыр басындағы Қытайдағы қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси жағдайларының сипаты және ақын дүниетанымының құндылықтық негіздері айқындалады. Мақалада Ақыт Үлімжіұлының Нақшбандия тариқатының ұстаздарынан діни білім алуы, кейіннен мешіт, медресе салдырып өзінің де діни білім берумен айналысқандығы туралы тарихи мәлімет беріле отырып, оның жеке адамды, жас ұрпақты имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеуде қалыптасқан ұстаздық бейнесі сипатталады. Сол арқылы Ақыттың ұстанған діни дүниетанымы талданады. Қазіргі таңға дейін Ақыт шығармашылығы әдеби және лингвистикалық тұрғыдан біршама зерттелгенімен, оның діни ұстанымына қатысты толыққанды зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Бұл зерттеу жұмысының теориялық құндылығы осы тұлғаның жаңа қырына қатысты құнды мәліметтерді ұсынумен көрінсе, тәжірибелік құндылығы дінтану ғылымының дамуына үлес қосар өзектілігімен айқындалады.
Түйін сөздер: тариқат, сопылық, нақшбандия, пір, мүрид.

Жүктелулер

Как цитировать

Makhmet, M., Yerzhan, K., & Mukan, N. (2019). Ақыт Үлімжіұлының діни дүниетанымындағы ерекшеліктер. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 68(2), 171–179. https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.019