Қазақстандық этностардың интеграциялануындағы аумақтық межелеудің рөлі (толық жөндеуден өткен нұсқа)

Авторлар

  • O. Yskak ҚР БҒМ ҒК «Философия, саясаттану және дінтану институты» РМҚК
  • R. Kadyrzhanov ҚР БҒМ ҒК «Философия, саясаттану және дінтану институты» РМҚК

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v67.i1.020
        56 52

Аннотация

Мақалада тарихта әйгілі болғандай 1924 жылы Орта Азия Республикаларын шекаралық межелеу саясаты уақытша үкіметі таратылғаннан жүзеге асырыла бастады. Бұл аталмыш өзгеріске толы саясат Қазақстанға өз әсерін тигізді. Осы үрдістің нәтижесінде қазіргі Қазақстан территориясының этникалық құрамы өзгеріске ұшырап, жер көлемі нақтыланды. Қазіргі таңда осы саясаттың салдарынан Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет болып табылады. Осы жұмысты межелеу саясатының Қазақстанның этникалық құрамына тигізген әсерін ғылыми тұрғыдан зерттеуді мақсат еттік. Ғылыми жұмысты зерттеу барысында Ресей сондай-ақ Өзбекстан және өз еліміздегі мұрағаттардағы материалдарды пайдалана отырып 1924 жылғы межелеу саясатының басты оқиғаларын және оның неден басталғандығы және бүгінгі таңда сол саясаттың арқасында қандай жағдайға жеткеніміз жайында айтылады. Автор өз ойын жақсы қорыта білген, мақаланы жазу барысында Отандық тарихнамадағы соңғы онжылдық көлемінде жазылған проблематикалық еңбектер тізімін бере алған. Бұл мәселе бұрын қарастырылып кең ауқымды түрде ғылым тарапынан зерттелмегеніне байланысты осы тақырыпқа арнайы шет елдік әдебиеттер жазылмаған. Өйткені архивтік құжаттар тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана қолжетімді болды. Мақалада халық санағына байланысты және жергілікті ұлттың үлес салмағының өзгеруі секілді жәйттер айтылады. 90-жылдары саясаттану ғылымы тарих факультетінің құрамында болғандықтан, аталмыш мәселемен тарихшылардың көп айналысқаны байқалады. Соған орай тәуелсіздік алған жылдарындағы тарихшылардың саяси көзқараста жазған еңбектері көбірек пайдаланылды.
Түйін сөздер: межелеу, Орта Азия, саяси араласу, саяси фактор.

Жүктелулер

Как цитировать

Yskak, O., & Kadyrzhanov, R. (2019). Қазақстандық этностардың интеграциялануындағы аумақтық межелеудің рөлі (толық жөндеуден өткен нұсқа). ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 67(1), 195–206. https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v67.i1.020