Қазақстандық бақ -тағы елдегі радикализмге арналған мақалаларды талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v67.i1.019Аннотация
Жалпы адамзат алдында жаңа қауіп пайда болып, адамдар бойына үрей сезімін ұялатты. Радикализм, терроризм және экстремизм секілді құбылыстар әр мемлекет үшін негізгі мәселе болып табылады және де әр мемлекет бұл құбылыспен өзіндік тәсілдер арқылы күресуде. Бұқаралық ақпарат құралдары бұл күресте маңызды рөлді атқарады. Олар радикалдардың образын қалыптастырады, олар жайлы жаңалықтар жазады, мемлекеттің негізгі идеологиялық қаруы десек болады.
Сол себепті мақалада біз бұқаралық ақпарат құралдарындағы радикализм, терроризм секілді құбылыстарға арналған мақалаларды талдадық. Талдау барысында 4 жаңалықтық бағыттағы және бір аналитикалық бағыттағы сайттар, оның ішінде 3 орыс тілінде және 2 қазақ тілінде жазатын сайттар алынды. Зерттеу барысында негізгі көңіл радикалдар қатарына тарту жолдарына, радикалдардың ортақ құндылықтарына, радикалдану себептеріне, жалпы демографиялық көрсеткіштеріне (жынысы, жасы, білімі), радикалдардың таралу географиясына бөлініп, сарапталды. Сонымен қатар мақалада бұқаралық ақпарат құралдарының радикалдарды баяндауына, халық арасындағы пікір қалыптастыру секілді мәселелерде қарастырылды.
Болашақта зерттеу нәтижелері радикализм және терроризмге қарсы әрекет бағдарламаларын даярлау, ақпараттық топтардың жұмысы үшін контрагитациялық дәрістерді, сонымен бірге дінтану, тарих, саясаттану және дін әлеуметтануы сынды пәндерге дәрістер жасақтауда қолданылуы мүмкін.
Түйін сөздер: радикализм, радикал, БАҚ, терроризм, радикалдану.