Саясаттану ғылымын жаңғырту контексіндегі Жүсіп Баласағұнның рухани мұрасы

Авторлар

  • A. Lukpanov Казахский национальный университет имени аль-Фараби

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v67.i1.015
        100 127

Аннотация

Бұл мақалада Ж. Баласағұнның творчестволық мұрасы қазіргі саяси ғылымдардың жаңғыруы тұрғысынан қарастырылады. Мәселе автордың «Құтты білік» («Кутадгу билиг») поэмасының негізгі идеяларын талдау арқылы дәлелденетіні. Автордың поэманы жазу себептері де қызықты. Әрине, Ж. Баласағұн қай замандарда да аса көрнекті ақын, әрі аса ірі ойшыл. Ж. Баласағұнның «Құтты білік» шығармасында сол ортағасырлық тарихи дәуір қоғамы мен мемлекетінің діни және саяси­әлеуметтік тіршілік­әрекеті мен тұрақтылығы мәселелері өз көріністерін тапқан. Ол ортағасырлық тарихта идеалды деп саналған ел билеуші мен мемлекетті, қоғамды және тарихи тұлғаларды жырлаған. Жастар тарихтың сыртқы жаулардан елді қорғау сияқты, әйгілі қолбасшылардың, елшілердің портреттерін, әртүрлі деңгейдегі билеушілердің мінез­құлықтарын және олардың бодандарына және мұхтаждықтағыларына қатынастары, қанағаттылық, тұтыну­ дағы ұстамдылық, артық кетпеу, тәрбие және тәрбиелілік сияқты дәстүрлерін және басқа да тарихи, т. б. даму аспектілерін білуі тиіс. Ж. Баласағұнның «Құтты білік» поэмасының негізгі идеалдары мен принциптері тегі түркілік елдер жастарына тарихи санасы мен ұлттық бірегейлігін қалыптастыруда аса маңызды роль атқара алатын мәңгі жасампаз шығарма.

Жүктелулер

Как цитировать

Lukpanov, A. (2019). Саясаттану ғылымын жаңғырту контексіндегі Жүсіп Баласағұнның рухани мұрасы. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 67(1), 145–153. https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v67.i1.015