Ислам құқығында үкім шығару əдісі ретінде «əл-масалих əл-мурсала»

Авторлар

  • А. Ш. Əділбаев
  • Ш. А. Əділбаева
        52 267

Аннотация

Аңдатпа. Əлемдік діндердің ішіндегі Ислам құқығы – бастауын Құран жəне пайғамбар сүннетінен алған, өзіндік қағидалар мен əдіснамаға ие жəне ешбір құқық жүйесінің ықпалына ұшырамаған айрықша діни құқық. Осы ерекшелігінің арқасында ол ғасырлар бойы өзінің динамизмін сақтап келеді. Ислам – адам құқықтары мен бостандықтарына айрықша мəн беріп, оны қорғауға алумен қоса, жеке тұлғаның əрекеттерінің өзге адамдардың құқығын аяққа таптауына, қоғамның игілігіне нұқсан келтіруіне жол бермеуді көздеген. Ислам шариғатында діни үкімдер, негізінен, Құран, сүннет, ижма жəне қияс секілді негізгі дəлелдерге, оларда кездеспеген жағдайда қосымша əдістер қолданыла отырып шығарылады. Сол əдіснамалардың ең негізгілерінің бірі – діннің түпкі мақсатын көздей отырып, қоғам өмірін қиындатпай, игілікті таратып, зиянды əрекеттерді тыятын масалихул-мурсала. Бұл əдіснама пайғамбар дүниеден өткеннен кейінгі əділ халифалар кезеңінен бері қолданыла бастаған əрі мұсылман қоғамында жаңадан туындаған түйткілді мəселелердің оң шешім табуына өзіндік септігін тигізген. Кейінгі ғасырлардағы мұсылман əлеміндегі жаңашылдық пен құқықтағы модернизация түсінігінің жандана бастауымен дəстүрлі түсініктегі осы масалихул-мурсала принципі қайта күн тəртібіне шықты. Кейіннен ауқымы кеңейіп, ислам құқығына динамизм əкелген негізгі ұғымдардың біріне айналды. Түйін сөздер: ислам құқығы, құқық əдіснамасы, қоғам игілігі, діни дəлелдер, рационалдық тəсіл.

Жүктелулер

Как цитировать

Əділбаев А. Ш., & Əділбаева Ш. А. (2019). Ислам құқығында үкім шығару əдісі ретінде «əл-масалих əл-мурсала». ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 41(4), 33–38. вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/1014