Журнал туралы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Журнал жоғары оқу орны көрсетілген мұқабасы мен титулдық парақтары, шығыс деректері, ISSN, eISSN, редакциялық алқа құрамы, редакциялық саясаты, жарияланымдық этикасы және веб-сайты бар.
Журнал жылына 4 рет шығарылады.
Журналды Қазақстандық дәйексөз алу базасы (КазБЦ) «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ҰМҒТСО) индекстейді.
Журнал мақалалары CrossRef ДБ-да тіркеледі және әр авторлық мақалаға объектінің DOI – сандық сәйкестендіргіші міндетті түрде беріледі, ол дәйексөзді, сілтемені және электрондық құжаттарға шығуды қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Журнал сонымен қатар ғылыми электронды кітапханада орналастырылған elibrary.ru оқырмандар үшін ашық қолжетімділікте және «Ресейлік ғылыми дәйексөз алу индексі» (РҒДИ) талдамалық деректер базасына енгізілген.
Журналдың редакциялық алқасының құрамында қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар бар.
Журнал авторлардың жарияланымдарының ақпараттық ашықтығы мен қол жетімділігі саясатын ұстанады, мақалалар журналдың сайтында үш тілде толық мәтінді қол жетімділікте орналастырылған.
Журналдың мақсаттары мен міндеттері
Журналдың мақсаты – іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамытуға жәрдемдесу, халықаралық ғылыми ақпараттық кеңістікте ғылыми ақпаратпен алмасу үшін жағдай жасау, мамандардың ғылыми және білім деңгейін арттыруға ықпал ететін философия, мәдениеттану және саясаттану саласындағы заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау.
Журналдың міндеттері:
- философия, мәдениеттану және саясаттану бойынша жаңа нәтижелерді қамтитын бірегей ғылыми жұмыстарды жариялау;
- ең өзекті, перспективалы және қызықты бағыттарға назар аудару;
- ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру және ғылыми жұмыстарды сараптау мақсатында ашық ғылыми пікір таласты қалыптастыруға ықпал ету;
- рецензиялаудың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз ету;
- жоғары білікті отандық және шетелдік авторларды тарту;
- журнал тақырыбына сәйкес келетін ғылыми шолуларды жариялау.
Журналдың тақырыптық бағыттары
«ҚазҰУ Хабаршысы. Философия, мәдениеттану, саясаттану сериясы» философия, мәдениеттану және саясаттану мәселелері бойынша жұмыстар жарияланады.
Журнал материалдары келесі тақырыптық бағыттарды қамтиды:
- Философия: ежелгі, орта ғасырлық философия, Қайта өрлеу және Жаңа заман философиясы, ХХ ғасырдың философиялық бағыттары, орыс философиясы, заманауи философия.
- Мәдениеттану: әлеуметтік-тарихи (мәдениеттердің орналасуы, олардың типологиясы, мәдениеттің өмір сүру кезеңдеріне бөлінуі), натуралистік (адам мәдени болмыс ретінде), әлеуметтанулық (мәдениет қоғамдық ұйым мен табиғатқа негізделген), символдық/құрылымдық (барлық мәдени процестер коммуникация нәтижесі ретінде), психологиялық бағыт (мифтерде, тілде, әдет-ғұрыпта, дінде, өнерде және жеке тұлғаның санасы ретінде көрсетілген халықтың сана-сезімі).
- Саясаттану: саясаттану тарихының заманауи тұжырымдамалары; саяси ғылымдар: жаңа парадигмалар; саясаттанудың теориялық және инструменталды мүмкіндіктері; әлемдік саясаттану қауымдастығы; жаһандану және олардың саяси процестерге, жаһандану дәуіріндегі демократия институттарына әсері.
* Журналда жариялауға мақұлданған қолжазбаның авторлары vмақаланы жариялау үшін бекітілген төлем құжатына сәйкес басылым үшін ақы төлеуге міндетті. Бағалардың бекітілген құжатына сәйкес мақала жариялау үшін мақаланың әрбір бетіне 500 теңгеден толенеді. Ерекше жағдайларда, журнал сериясын қаржыландырудың басқа көздері болған жағдайда, авторлар мақаланы жариялағаны үшін төлемнен толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.
Автор төлем жасағаннан кейін PDF форматында төлем туралы түбіртекті журнал редакциясының электронды мекен-жайына жібереді.