Regionalism in the post soviet space
Abstract
Регионализм үдерістерінің дамуы заманауи әлемдік экономиканың маңызды сипаттамасы болып табылады. Халықаралық экономикалық интеграция үдерістері ХХ ғасырдың екінші жартысында, жер шарының әр бөлігінде, жекелеп айтқанда посткеңестік алаңда едәуір белсендірілді. Мемлекет аралық және мекемеаралық бәсекелестіктің күрт өсуі, сонымен қатар дәстүрлі нарықтағы бәсекелестіктің жаңа салалары географиялық байланысқан мемлекеттердің қаржылық және өндірістік күштерінің ынтымақтастығын шарттап, ғаламдық экономикада өз тұғырларын бекітуге әрекет етеді. Соңғы 25 жыл ішінде посткеңестік алаңдағы регионализация үдерісі ТМД (Тәуелсіз мемлекеттер достастығы) елдерінің сауда-өндірістік байланыстары негізінде даму мақсаттарының ортақтығын қамтамасыз ете отырып, үдерістің болашақтағы даму қажеттілігін анықтайды.
Түйін сөздер: регионализм, интеграция, ғаламдану, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД), Евразиялық экономикалық одақ (ЕЭО), Кедендік одақ (КО).