The Disappearance of the Object: The Implementation of the Heideggerian Nuclear Phantasm and the Internet of Things

Authors

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v79.i1.03
        77 0

Abstract

Қазіргі әлемде цифрлық технологиялар рөлінің күшеюі гуманитарлық қоғамдастық пен білімнің аралас салаларының әртүрлі реакциясын туындатып отыр. Бір жағынан алғанда, болашақта толық немесе жартылай цифрландыру және адам қызметінің күнделікті салаларының (еңбек, экономика, мәдениет, әлеуметтік, тұлғаралық өзарақатынастар) басым көпшілігінің виртуалдануы өсе түседі. Басқа жағынан қарастырғанда, дигитал технологиялардың даму жылдамдығы әртүрлі көңіл-күй – тәнті болудан бастап, үрейленуге дейін – тудырып, бізді соншалықты күшті, қазіргі адам өмірінің кез келген, тіпті ең тылсым қырларын өзіне бағындыруға қауқарлы  техникалық дамудың адамзат үшін салдарлары туралы ойлануға мәжбүрлейді.

            Жаңа заман олардың салдарлары ХХ ғасыр ойшылдарын ғылыми-техникалық прогресс идеясын адам игілігіне қолданудың дұрыстығына күмәндануға мәжбүр еткен ең аз дегенде екі трагикалық мысал, екі дүниежүзілік соғысты басынан кешті. Бұл мәселенің негізгі шешімдерінің екі жіті айқындалған абрисі бір уақытта қатар пайда болды. Біріншісі – ғылыми-техникалық дамудан бас тартудың технофобиялық идеалы, «адамды»  гуманитарлық идеал ретінде сақтап қалу үшін минимал-мәдени күйге қайта оралуға шақыру. Екіншісі – техникалық дамуды мәдениеттің бөлігі ретінде мойындап, жаңа этикалық ұстанымдар жасау үшін  «адам», «адами», «гуманды» ұғымдарын түсінудің жаңа мүмкін жолдарын қарастыру талпынысы. 

Мақала Мартин Хайдеггердің еңбектеріндегі («Болмыс және уақыт», «Техника туралы сұрақ», «Зат») объектінің жоғалуы және назар аударудың субъект-объект векторының ауысуы идеясын қазіргі заманғы цифрлық технологиялардың дамуы және осы процесс барысында жаңа болмыстық тұғырнамалардың пайда болуы аясында талдауға арналған.

Түйін сөздер: цифрлық технологиялар, цифрландыру, техника, мәдениет, субъект және объект, адам, адамзат, цифрлық философия, болмыс.

Additional Files

How to Cite

Turarbekova, L. V. (2022). The Disappearance of the Object: The Implementation of the Heideggerian Nuclear Phantasm and the Internet of Things. Journal of Philosophy, Culture and Political Science, 79(1). https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v79.i1.03