Азаматтық қоғам мен азаматтық білім беру: концептуалды негіздері жəне халықаралық тəжірибені талдау
Аңдатпа
Азаматтық қоғам мəселесі Антика дүниесінде стоиктер, софистер, Аристотель, Платон ілімдеріндегі
адам мен азаматтың мəртебесі, қоғамдық жəне мемлекеттік институттардың тұрақтылығын сақтаудағы
жекеменшіктің рөлі, азаматтық міндеттемелер мен заңдардың арақатынасы мəселелеріне байланысты
пайда болды. Қайта Өрлеу мен Жаңа дəуірде бұл ұғым күрделі өзгерістерге ұшырады. Азаматтық жəне
саяси еркіндіктердің институциялану мəселелелерін Ш. Монтескье қарастырды. Азаматтық қоғамның
мақсаттарының бірі билік бөлінісі принципі ( заң шығарушы, атқарушы жəне сот) мен жалпыға бірдей
əділетті сайлау, көппартиялықққа негізделген құқықтық мемлекет құру болып табылады. Өйткені
мұндай саяси жүйе қорғаныстың табиғи тетіктеріне ие, мұнда биліктің бұтақтары бірін-бірі
қадағалайтын болады. Ашықтық, қатысу, белсенді үн қосу, есеп беру, өкілеттілік пен əділеттілік
құндылықтары мен принциптері – азаматтық білім берудің негізі. Ал, коммуникация құралдары мен –
ақпаратқа қолжетімділік – азаматтық білім берудің ажырамас бөлігі болып саналады. Бұл құндылықтар
мен принциптер БҰҰ-ның Даму бағдарламасының ақпаратқа қолжетімділік туралы практикалық
жазбасында анық көрсетіліп, бағамдалған. «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-
өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы» жəне в «ҚР азаматтық қоғамның даму
тұжырымдамасы» бағдарламалық құжаттарында азаматтық қоғамның дамуына ерекше көңіл бөлінген.
Бұл мəселеге халықаралық ауқымда да ереше мəн беріліп келеді.
Түйін сөздер: мемлекет, азаматтық қоғам, табиғи құқық, демократия, саяси жүйе, азаматтық жəне
саяси еркіндік,тұлға.







