Қазіргі Қазақстан қоғамындағы мәдени сабақтастық және жасампаздық
Кілт сөздер:
дәстүр, жасампаздық, ұлттық сана-сезім, мәдениетаралық сұхбат, төзімділік.Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі туындаған көптеген мәселелер қарастырылған. Сол мәселердің бірі: әлеуметтік-рухани тәуелсіздік, сана туелсіздігі, өзін-өзі айқындау мәселелері. Құндылықтарды қайта қарау қоғамдық өмірдің барлық салаларында күрделі қайта құруларды жүзеге асыру қажеттілігін айқындады. Алға қадам басып, қарқынды дамуды қамтамасыз ету үшін қоғамдық санада өткен дәуірлер тәжірибесін қайтадан жаңғыртып, ой елегінен өткізу керек. Жаһандану жағдайында мәдениеттің өзіндік ерекшелігін сақтау, қоғамдық және мемлекеттік тұтастықты сақтау ұлттың ішкі рухани әлеуетіне және шығармашылық қуатына байланысты. Ұлттың қалыптасуында ортақ тарихи жадымен бірге ортақ мақсат-мүдделер, идеялар да үлкен рөл атқарады. Мақалада осы мәдени сабақтастықтың, дәстүр мен жаңашылдықтың, төзімділік пен сыйластықтың маңыздылығы көрсетілген.







