Жаһанданудың теориалық-әдістемелік аспектілері
Аңдатпа
Жаһандану – қазіргі заманғы зерттеулердің ең бір танымал мәселесі, сонымен қоса бүгінгі күнге дейін осы процестің біртұтас толық ұғымы жоқ. Білімнің әр саласында жаһандану туралы өз түсініктері қалыптасқан, бұл ғылымның басқа саласындағы концепциямен келіспей жатады. Осындай сәйкеспеушілік жаһандану процестерін түсіндіру үдерісін қоғамдық өмірдің жекелеген саласында заманауи негізсіздендіреді. Сондықтан осы мақала жаһанданудың теория-әдістемелік сараптамасына арналады. Зерттеулер нәтижесінде жаһандану тарихының түсінігі қаралды, жаһанданудың қоғамға толығымен әсер етуі сарапталды, этникалық, мәдени және діни өзара әрекеттестігі; нақты мысалда (Қазақстан) жаһанданудың қоғамның трансфармациялануына мінездеме берілді. Жұмыс философияның, социологияның, политологияның, мәдениеттану және психологияның қазіргі заманғы концепцияларымен келісімімен, тарихтық, ауқымдылық жүйелілікке негізделе орындалды. Көп жоспарлы тақырыптардан шыға отырып осы зерттеуде мынадай жалпығылыми және арнаулы-ғылым пайдаланылды: салыстырмалы-тарихи; жүйелі- құрылымдық; ретроспективті және салыстырмсалы зерттеулер, тарихи-философиялық сараптама. Автордың зерттеуінде диалектикалық тәсіл таңдалған. Зерттеу нәтижесінде әлемнің жаһандануы нәтижесінде шекаралардың жойылуы туралы қабылданған концепцияға қарамастан, этномәдени және діни аспектіде жаһандану процесінде керісінше сақталады тіпті құрылады. Сондықтан зерттеу нәтижелері жаһандану мәселесін теориялық базисін күшейтеді, сонымен қатар ұлттық- діни мәселені жаһандану контекстінде жаңа көзқарастарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: жаһандану, этномәдени аспект, діни аспект, әлеуметтік-мәдени кеңістік, ұлт.
