О проблемах фарабиеведения в Казахстане

Авторы

  • Ә. А. Құранбек КазНУ имени аль-Фараби
  • С. Қайратұлы КазНУ имени аль-Фараби

Аннотация

Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы – әлемдік философияның шексіз мұхитына айналған рухани қазына. Әл-Фараби мұрасының зерттелуінде көптеген мәселелер шешімін тапты десек те, назар аударуды қажет ететін тұстары да аз емес. Осы орайда, Қазақстанда фарабитанудың жай-жапсарына ойлана көңіл бөлсек, зерттеу ісінде ғалымдарды сан толғантып, сан түйін жасатқан ғылыми пайымдаулар жөнінде біраз деректер жүйеленіп берілді. Бұл бағдарлы зерттеулердің жүзеге асуындағы басты міндет – Фарабидың рухани мәдениет кеңістігінің көкжиегіне бойлап, мәнін ашу, рухани, ғылыми, гуманистік тағылымын тану, деректілік өзегін ғылыми тұрғыда дәлелдеу болып табылады.
Мақалада Қазақстандағы фарабитанудың өзекті мәселелері мен міндеттерін жан-жақты айқындау алға қойылған.
Түйін сөздер: әл-Фараби мұрасы, философия, фарабитану, методология, руханилық, тарихи сана, интеллектуалдық дәстүрлер, ұлттық бренд.

Загрузки

Опубликован

2018-05-20