Протестный потенциал в Казахстане: факторы и региональные особенности

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v80.i2.011
        106 104

Аннотация

Мақалада авторлар наразылық факторларын, олардың ерекшеліктерін зерттеудің негізгі тәсілдерін зерттеді. Сандық және сапалық әдістердің негізінде Қазақстандағы наразылықтардың негізгі факторлары мен себептері анықталды. Әлеуметтік зерттеудің бірқатар сұрақтары респонденттердің елдегі экономикалық ахуалды, отбасының материалдық жағдайы мен тұтынушылық әлеуетін бағалауға, ел алдында тұрған мәселелерді анықтауға бағытталған. Сұрақтардың тағы бір блогы бұқаралық ақпарат құралдарына сенім деңгейін анықтауға, әлеуметтік желілердің наразылық белсенділігіне әсер ету дәрежесін айқындауға, халықтың наразылық деңгейін бағалауға бағытталған.

2000 респондентке сауалнама жүргізу нәтижелері және Қазақстандағы 16 фокус-топтық пікірталас деректерін зерделеу елдегі наразылық әлеуетіне әсер ететін факторлар иерархиясын анықтады. Қазақстандық қоғамның наразылық әлеуеті ең алдымен әлеуметтік-экономикалық мәселелермен байланысты. Сонымен қатар, наразылық факторы тиімсіз мемлекеттік басқару және сыбайлас жемқорлық болып табылады. Бұл мақалада қазақстандықтардың наразылық акцияларына қатысу дайындығы зерттелген. Наразылықтарға қатысу бейімділігі этникалық, білім және аймақтар бөлінісінде зерттелген. Бұқаралық ақпарат құралдарының қазақстандық қоғамның наразылық әлеуетіне ықпал ету дәрежесі анықталды.

Түйін сөздер: наразылық әлеует, наразылық белсенділігі, аймақтар бөлінісі, факторлар, конфликт.

Загрузки

Как цитировать

Nassimova, G., Nassimov, M., & Simagambetov, B. (2022). Протестный потенциал в Казахстане: факторы и региональные особенности. Вестник КазНУ. Серия философии, культурологии и политологии, 80(2), 112–119. https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v80.i2.011