“Қарада көргін” VIII халықаралық монотипия фестивалі суретшінің шығармашылық дамуы мен көркемдік қабылдау мәселесі контексінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v72.i2.05Аңдатпа
Мақалада 2019 жылы Санкт-Петербургте өткен VIII халықаралық монотипия “Қарада
көргін” фестивалінің жұмысы талданады. Мақаланың мақсаты көрме экспозициясына кіретін
монотипияларды зерттеу, сондай-ақ өткізілген мастер-кластарда эстамппен жұмыс істеу
барысындағы технологиялық жаңалықтарды зерттеу болды. Мақалада көрмеге қойылған
шағармаларды қарастыру кезінде қазіргі заманғы монотипияның шығармашылық мақсаты мен
технологияларын шешудің жаңа әдістері мен орындалу тәсілдері анықталды. Ғылыми мақалада
монотипияның техникалық тәсілдерінің практикалық маңыздылығы, туындының бейнелі
ойың шешудің заманауи түрі көрсетілген. Жүргізілген зерттеу әдістері негізінде – визуалды,
салыстырмалы, иконологиялық және иконографиялық талдау негізінде жаңа білім алынды.
Монотипия жұмыс істеу барысында графикалық суретшілерге жаңа көркем бейнелер жиі көрініс
береді. Монотипияның спонтанды композициялары графиканың осы түрінің әр түрлі жанрларын
күтпеген түрде қабылдауға әсер етеді. Жұмыс барысында суретшілердің шығармашылық
қиялы дамиды. Мақалада монотипияны суретшінің шығармашылық ойлауын белсендіруге
және көрерменді қабылдауға мүмкіндік беретін техника ретінде қолданудың өзара байланысы
көрсетілген. Алдағы уақытта мақаланың қорытындысы графиканы зерттеу әдістемесінде,
суретшілердің сурет және кескіндеме композициясы мәселелерін шешіп практикада қолданылуы
мүмкін.
Түйін сөздер: монотипия техникасы, көркембейне, интуиция, ассоциативті ойлау,
импровизация, таңғажайып.
