Фон Гумбольдтың принциптері және посткеңестік университеттердің болмысы
DOI:
10.26577/jpcp.2019.v69.i3.03Аңдатпа
Посткеңестік жоғары білімнің қанағаттанарлықсыз жағдайы көбінесе XIX ғасырдың соңында классикалық университеттік білімнің қалыптасуын қамтамасыз еткен фон Гумбольдтың іргелі принциптері қазіргі заманғы жағдайда жүзеге асырылмайтындығы көрсетілген. Біріншіден, бұл жоғары білімнің жаппай сипатқа ие болғанына байланысты және соның арқасында академиялық бостандық және көптеген посткеңестік университеттердің қабырғасында ғылыммен айналысу мен білімді жұптастыру туралы тек формальды түрде айтуға болады. Соңғы 150 жыл ішінде профессорлардың жүктемелері орташа есеппен алғанда аптасына 4-тен 30 және одан да көп сағатқа дейін өсті, бұл іс жүзінде академиялық еркіндікті іске асыру үшін алғышарттарды жоққа шығарады. Бұл факт индустриялық дәуірдегі жоғары мектептің жүйелік дағдарысының көріністерінің бірі болып табылады және постиндустриалды университетке ауысуына байланысты болған елеулі қиындықтарды көрсетеді. Бұл қалыптасқан жағымсыз трендтерді еңсеру үшін, ең алдымен, постиндустриялық жоғары мектептің экономикасы туралы барабар түсініктердің қалыптасуын, сонымен қатар жалған ғылымның қоректік ортасы болып табылатын сыбайлас жемқорлық көріністеріне және жалған ғылымның өркендеуі (әсіресе телекоммуникациялық технологияларға байланысты салаларда) қатысты өтпелі кезеңнің ауруларына жүйелік қарсы әрекеттер талап етілетіні көрсетілген.
Түйін сөздер: жалған ғылым, Гумбольдтың принциптері, университеттік білім, телекоммуникациялық технологиялар, оқу жүктемесі, постиндустриялық жоғары мектеп.







