Авторларға арналған ақпарат

Журналда материалдарды жариялау Open Journal System, онлайн жіберу және рецензиялау жүйесі арқылы жүзеге асырылады. 

Корреспонденция авторы журналға жариялау үшін Ілеспе хат ұсынуға міндетті.

Мақалаға қойылатын талаптар (мақаланы рәсімдеу үшін ҮЛГІ-ні қолданыңыз):

  • Мақаланың сол жақ жоғарғы бұрышында МРНТИ индексі (ерекше жағдайларда – ӘОЖ) көрсетіледі.

    Бір жол төменде авторлардың инициалдары мен тегі қалың қаріппен жазылады, сондай-ақ ұйымдардың толық атауы (аффилиация), қала, ел және авторлардың бірінің e-mail мекенжайы көрсетіледі.

    Бір жол төменде мақаланың толық атауы қалың қаріппен беріледі.

    Одан кейін көлемі 150–250 сөзден тұратын аннотация беріледі. Аннотация зерттеудің мақсатын, негізгі бағыттарын, әдіснамасын, нәтижелерін және қорытындыларын қамтуы тиіс. Аннотация дербес мазмұнды болуы керек және әдебиетке немесе мақаланың басқа бөлімдеріне сілтемелер болмауы тиіс.

    Аннотациядан кейін мақала мазмұнын сипаттайтын 3–5 кілт сөз немесе сөз тіркесі беріледі.

    Егер мақала орыс тілінде жазылған болса, автор туралы мәліметтер, мақаланың атауы, аннотация және кілт сөздер қазақ және ағылшын тілдерінде де ұсынылуы тиіс.

    Мақаланың негізгі мәтіні Times New Roman қарпімен, 12 өлшемде, бір жоларалық интервалмен, мәтін ені бойынша теңестіріліп теріледі. Абзацтық шегініс 0,8 см, бет өрістері барлық жағынан 2 см болуы тиіс.

    Мақала келесі құрылым бойынша рәсімделуі тиіс:
    Кіріспе, Зерттеу әдіснамасы (немесе Материалдар мен әдістер), Нәтижелер және талқылау, Қорытынды, Әдебиеттер тізімі.

     

    Суреттер, кестелер, графиктер және диаграммалар мәтіннің ішінде орналастырылып, мәтінде келтірілу реті бойынша нөмірленеді. Әр кесте немесе сурет атаумен қамтамасыз етілуі тиіс.

    Әдебиеттер тізімі

    Әдебиеттер тізімінде кемінде 15 ғылыми дереккөз болуы тиіс, олардың кемінде 50%-ы ағылшын тіліндегі жарияланымдар болуы қажет. Тізімге тек мәтінде пайдаланылған дереккөздер ғана енгізіледі.

    • ӘДЕБИЕТТЕР тізімі: еңбектердің атаулары түпнұсқа тілінде беріледі және мәтіндегі дәйексөз келтіру (цитаталау) ретімен орналасады; рәсімделуі – APA7 (ГОСТ емес). APA Style сілтемесі: apastyle.apa.org.

      REFERENCES тізімі: әліпби ретімен беріледі. Рәсімделуі – APA7. APA Style сілтемесі: apastyle.apa.org.
      Қазақ/орыс/түрік және т.б. (ағылшыннан басқа) тілдердегі дереккөздер латын графикасымен беріледі [шаршы жақшада атаудың ағылшынша аудармасы көрсетіледі]. Латынша транслитерация: www.translit.ru

    Рәсімдеу үлгісі:

    Gokhberg, L., & Kuznetsova, T. (2011). Strategiya-2020: novye kontury rossiiskoi innovatsionnoi politiki [Strategy 2020: New outlines of innovation policy]. Foresight-Russia, 5(4), 8–30.

    Авторлар туралы мәлімет

    Жеке файлда авторлар туралы келесі мәліметтер ұсынылуы тиіс:
    аты-жөні, жұмыс орны, қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, қала, ел, e-mail және ORCID.

    Түпнұсқалылықты тексеру

    Барлық қолжазбалар мәтіндік ұқсастыққа тексеріледі. Дәйексөздер дұрыс рәсімделіп, түпнұсқалық көрсеткіші 80%-дан жоғары болған жағдайда қолжазба рецензиялауға жіберіледі.

    Рецензиялау және шешімдер

    Журнал екі жақты жасырын рецензиялау (double-blind peer review) қағидатын қолданады. Әр қолжазба кемінде екі тәуелсіз рецензентке жіберіледі.
    Мүмкін шешімдер: қабылдау; түзетуден кейін қабылдау; қайта рецензиялауға жіберу; қабылдамау.

    ЖИ-құралдарын пайдалану

    • ЖИ-ды көмекші құрал ретінде қолдануға (тілдік редакциялау, аударма, форматтау, библиографияны дайындау, деректерді техникалық өңдеу) авторлар нәтижені міндетті түрде тексерген жағдайда жол беріледі. ЖИ қолданылғаны туралы ақпарат ілеспе хатта көрсетіледі.
    • Генеративті ЖИ-ды деректерді қолдан жасау/бұрмалау, жалған дереккөздер/сілтемелер жасау, сондай-ақ суреттер/деректерді адастыратын манипуляциялау үшін қолдануға тыйым салынады.
  • Авторлардың үлесі (CRediT таксономиясы)

    Қолжазбаның соңында авторлар әрбір автордың жеке үлесін CRediT (Contributor Roles Taxonomy) жүйесіне сәйкес сипаттайтын мәлімдеме ұсынуы тиіс.

    Бұл мәлімдеме екі немесе одан да көп авторы бар мақалалар үшін міндетті.

    Әрбір автор бірнеше рөл атқара алады, және бір рөл бірнеше авторға берілуі мүмкін.

    Авторлардың ықтимал рөлдері:

    • Концептуализация (Conceptualization) – зерттеу идеясы мен ғылыми тұжырымдамасын әзірлеу

    • Деректерді басқару (Data Curation) – деректерді жинау, жүйелеу және сақтау

    • Формалдық талдау (Formal Analysis) – статистикалық және аналитикалық өңдеу

    • Қаржыландыруды тарту (Funding Acquisition) – зерттеу үшін қаржыландыру алу

    • Зерттеу жүргізу (Investigation) – зерттеу жұмыстарын орындау, тәжірибелер жүргізу

    • Әдіснама (Methodology) – зерттеу әдістерін әзірлеу

    • Жобаны әкімшілік басқару (Project Administration) – жобаны ұйымдастыру және басқару

    • Ресурстар (Resources) – зерттеу үшін қажетті материалдар мен құралдарды қамтамасыз ету

    • Бағдарламалық қамтамасыз ету (Software) – бағдарламалық кодтарды әзірлеу немесе қолдану

    • Ғылыми жетекшілік (Supervision) – ғылыми бақылау және жетекшілік ету

    • Валидация (Validation) – нәтижелердің дұрыстығын тексеру

    • Визуализация (Visualization) – кестелер, диаграммалар, графиктер дайындау

    • Мәтінді жазу – бастапқы нұсқа (Writing – Original Draft) – мақаланың бастапқы мәтінін дайындау

    • Мәтінді жазу – рецензиялау және редакциялау (Writing – Review & Editing) – мәтінді түзету және ғылыми редакциялау

      Жариялау құны

      Мақала жариялауға қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасының ұйымдарымен аффилиацияланған авторлар үшін жариялау құны 60 000 теңгені құрайды.

      Төлем реквизиттері

      Коммерциялық емес акционерлік қоғам
      «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті»

      Индекс: 050040
      Мекенжайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71

      БСН: 990140001154
      КБЕ: 16

      «Қазақстан Халық Банкі» АҚ

      ЖСК: KZ796018861000945341 (KZT)
      БСК: HSBKKZKX