Үш ақының үндестігі (Абай, Лермонтов, Байрон)

Авторлар

  • Zh. Baisarina Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
        127 252

Аннотация

Бүгінгі таңда қазақтың ұлттық бірегейлікті өркендету, ұлттық кодын сақтау мен мәдени кеңістіктер шекараларын анықтау кезеңіндегі аударманың мәдени контексте зерттелуі Абайдың «Көңілім менің қараңғы...» өлеңінің қазақ және орыс тілдеріндегі аудармаларының ағылшын тіліндегі түпнұсқа туындысымен үндестіктері мен айырмашылықтарын анықтау арқылы, туыс емес тілдердегі ұлттық мәдени және эмоционалды концептілерге тілдік және философиялық талдау жасау арқылы мақаланың басты мақсаты мен міндеті айқындалады.
Абай дәуірінің және оның мұрасын зерттеудің мәні мен мазмұны Лермонтов, Байрон еңбектерімен сабақтастырыла ашылса, онда әлемдік кеңістікте ұлттық-мәдени сананы қалыптастырудағы рухани үндестіктің нақтылануы зерттеу болжамы болып табылады.
Абай аудармасының көркемдік қыры мен мәдени концепциялары негізінде ақын өлеңдерінде қазақ, орыс, ағылшын тілдері мәдениетіндегі кездесетін ұғымдарға философиялық-таным теориясы негізінде түсінік беріліп, лингвомәдени салыстырмалы-салғастырмалы әдіс қолданыла отырылып, герменевтикалық талдау жасалды.
Абай мұрасын талдау барысында Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың құнды тұжырымдары негізге алынды. Ақын мұрасының ұлттық және халықаралық құндылығы қазақ ұлтының мәдени рухани аралық байланысын нығайта түсуінде екендігі қорытындыланады.
Түйін сөздер: аударма, ұлттық-мәдени концептілер, эмоционалды концептілер, мәдениетаралық тілдік қарым-қатынас.

Жүктелулер

Как цитировать

Baisarina, Z. (2019). Үш ақының үндестігі (Абай, Лермонтов, Байрон). ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 66(4), 78–85. вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/912