ЖАҢА ДІНИ ҰЙЫМДАР ОНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Аннотация
Діни ұйымның пайда болуы бұл құрылымның бір нысанға ұзақ айналу процесінің нәтижесі және бұдан бұрынғы діни қозғалыстардың салдары болып табылады. Дін социологиясында діни қозғалыс жаңа қоғамдық тәртіпті орнатуды мақсат еткен топтық қызмет ретінде қарастырылатын әлеуметтік қозғалыстың бір түрі болып анықталады. Әлеуметтік қозғалыс адамдардың өздерінің тілектері мен сұраныстарын іске асыра алмай, қоғамдық өмірге қанағаттанбай, алаңдаушылық сезімдерінен бастау алады. Дәстүрлі діни сенімнің рөлі әлсіреп, рухани тоқырау басталған кезеңде адамдар өз наразылықтарын эмоциямен, ұйымдаспаған түрде көрсетеді. Социологтар К. Даусон мен У. Геттистің берген топтамасы бойынша бұл әлеуметтік қозғалыстың төрт кезеңінің біріншісі болып табылады