Философия тарихындағы қауіпсіздік түсінігі
Аннотация
Адам дүниеге келгеннен бастап оның өмір сүруі мен əл-ауқаты мынадай көптеген қауіп төндіретін қатерлерден тұрады: ашаршылық, түрлі аурулар, жабайы жануарлар шабуылы, табиғи жəне техногенді апаттар. Бірақ адам үшін ең қауіпті адамның өзі қала береді. Сондықтан адамзат қауымдастығының қалыптасуы мен дамуы табиғат, дұшпандар мен техникалық нысандардан туындайтын түрлі қатерлерді жеңуге бағытталған қауіптерден тұрды. Бұл тұста қоғам дамуының маңызды шарттары ретінде қауіпсіздік феноменінің табиғатын айқындап, қамтамасыз ету жолдарының философиялық негіздерін белгілеу ғылыми жұмыстардың құндылығын арттыратындығын айта кеткеніміз жөн.Біздің еліміз үшін тəжірибелік жағынан жаңа болып табылатын «қауіпсіздік» термині теориялық жəне тəжірибелік саясаттануда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Ғалымдардың басым бөлігі бастауын 1947 жылы Америка Құрама Штаттарында жаңадан қабылданған «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңымен байланыстырылады. Сонымен қатар кейбір зерттеушілер «ұлттық қауіпсіздік» терминін алғаш рет 1904 жылы АҚШ Конгресінде Т. Рузвельт өз жолдауында қолданғандығы жөнінде айтылады. Десек те, оның философиялық негіздерінің астары өте тереңде жатыр жəне қауіпсіздік ұғымы ішкі жəне сыртқы қатерлерден тұлға, қоғам мен мемлекеттің қауіптен сақтану жағдайымен сипатталады. Түйін сөздер: қауіпсіздік, философия, азаматтық қоғам, құндылықтар, қауіп, қоғамдық келісім, қатер.