Исламдағы ағымға бөлінушілік факторлары мен оларды жіктеу мәселелері және оның Қазақстан қоғамына әсері

Авторлар

  • А. С. Сатыбалдиева Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • М. Б. Исахан Нүр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
        155 115

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі дәуіріндегі Ислам діні және оның атын жамылған діни ағымдардың мемлекет пен қоғам үшін қаншалықты маңызға ие болғандығы сөз болады. Жалпы, Ислам дінінің негізгі қайнар-көзі Құран мен сүннетте ағымға бөлінушілік құпталмағанымен, тәжірибеде мәзһабқа бөлінушіліктің орын алғандығы көрсетіледі. Мұсылман ғалымдарының еңбектеріндегі діни ағымдар мәселесі, мәзһабтардың тарих сахнасына шығуы және олардың негізгі ерекшеліктері талқыланады. Ислам тарихындағы әртүрлі діни ағымдардың бой көрсетуіне түрткі болған факторлар анықталып, діни ағымдардың жіктелуі мәселелері сараланады. Мұсылман қауымының жік-жікке бөлінуіне әкеліп соққан билікке қатысты саяси ұстанымдар, құқықтық мектептердің үкім шығарудағы бір-бірінен бөлек әдіснамалары мен тұжырымдары, әртүрлі сенімдік мәселелер, Ислам діні тараған аймақтардағы локальді ерекшеліктер, әртүрлі мәдениеттердің бір-біріне ықпалы, философиялық мектептердің мұсылмандардың дүниетанымына әсер етуі, сыртқы дұшпандардың шабуылы, экономикалық жаңа өмірдің діни ұстанымды өзгертуі, Құран аяттары мен хадистерден бөлек мағыналар шығару, салт-дәстүрге қатысты әртүрлі көзқарастардың болуы және т.б. да факторлардың исламдағы бөлінушілікке қаншалықты әсер еткені талданады. Және Ислам дініндегі тариқаттардың ерекшеліктері мен олардың жіктелуі мәселесіне қатысты ой-пікірлер айтылады. Сонымен қатар, соңғы кезеңдерде Қазақстан аумағында пайда болған исламдық жамағаттар жіктелініп, олардың ортаға шығуына әсер еткен факторлар салыстырылып, діни, саяси, әлеуметтік ерекшеліктері ғылыми тұрғыда сараланады. Қазақстанда белгілі болған исламдық ағымдардың ұстанымдары талқыланып, олар туралы жаңа байламдар жасалынады. Қазақстандағы исламдық ағымдардың қоғамның жік-жікке бөлінуіне әсері ғылыми тұрғыда талдана келіп, олардың мемлекет пен қоғам біртұтастығына кері әсері мен тигізер қаупі аталынып көрсетіледі.
Түйін сөздер: ислам, пайғамбар, үмбет, мәзһаб, тариқат, жамағат, нихла, фирқа, мақалат, аят, хадис.

Жүктелулер

Как цитировать

Сатыбалдиева, А. С., & Исахан, М. Б. (2018). Исламдағы ағымға бөлінушілік факторлары мен оларды жіктеу мәселелері және оның Қазақстан қоғамына әсері. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 65(3), 34–43. вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/695