Мемлекет пен дін арақатынасындағы құқықтық реттеу мәселелері және Ислам конференциясы ұйымы
Аннотация
Дін феноменінің негізгі ерекшелігі оның үздіксіз жаңару мен тосын құбылыстардан көрінуінде болғандықтан, дін мəселесін зерттеу де толассыз ізденісте болуды қажет етеді. Жалпы діннің пайда болуы мен оның таралуы əр елде, əр қоғамда əртүрлі сипатта болғандықтан, дінтану ілімі көп концепцияларды ұсынады. Қоғамда туындаған осы қажеттілікті қанағаттандыру тұрғысынан жəне Қазақстанда жаңадан қалыптасып келе жатқан дінтану ғылымының сұранысын ескерсек, бұл мəселеге байланысты діни-философиялық ізденістер жүргізу өзектілігі даусыз, діни қатынастарды ұлттық маңызы бар мəселе ретінде қарастырғанымыз жөн. Аталмыш мақалада Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етуінің басты нəтижелеріне қысқаша талдау жасалады. Қазақстанның ИЫҰ-на төрағалық етуі расында қазақ дипломатиясы үшін өте маңызды тарихи оқиға болды. Қазақстан ИЫҰ-ның бұрыңғы төрағасы ретінде қазіргі таңда халықаралық мəселелерге ықпал етудің қосымша дипломатиялық тетіктеріне ие болып отыр. Қазақстан, əсіресе, мұсылман əлемі елдерінің мəселелеріне ықпал ете алатын болды. Қазақстанның осы төрағалығы елдің ұзақ мерзімді ұлттық мүдделеріне сай келіп, стратегиялық мүмкіндіктер ұсынады, елдің аймақтағы ұстанымын күшейтеді. Мұны даусыз, үлкен тарихи жəне дипломатиялық жетістік деп атауға болады. Түйін сөздер: дін, теократия, саясат, мемлекет, Қазақстан, Еуропа, Ислам конференциясы ұйымы, БҰҰ, жаһандану, дипломатия, тұрақтылық.