Діни дәстүрлер мен философиялардағы шырақ рәмізі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v90.i4.a3
        106 34

Аннотация

Шырақ – көптеген философиялық дәстүр мен мәдениеттегі терең мағынаның рәмізі. Сакралдылық көбіне шырақпен, ал дүнияуилық, профандылық  түнекпен байланыстырылады. Шыраққа қол жеткізудің, оны сақтаудың қиындығы ескі қоғамдарда оның мистикалық мағынаға ие болуын туғызды. Кейінірек шырақ рәміз түрінде қабылдана бастады. Адам болмысында мұндай тұжырымдама тарихи тұрғыда архетип ретінде бекітілген. Алғашқы қауымдық қоғам кезінде көшбасшылар, діни қызметкерлер мен жауынгерлер болмысы күнмен, Тәңірдің нұрымен байланыстырылды. Сондай-ақ олар киген киімі немесе бет пен денеге, киімге жағылған түрлі-түсті бояулар арқылы да ерекшеленіп тұруы мүмкін. Түс түрлі мәдениет пен халықтар үшін рәміздік мәнге ие. Қазіргі уақытта кей ұлттардың, діндердің өзіндік түр-түс, реңк дәстүрі бар. Түр-түс ассоциациялары күнделікті өмірде де маңызды.

       Сопылық философиясында шырақ, түнек және түс рәмізшілдігі ұғымдары бар. Сопылық философтарының еңбектерінен түрлі реңктердің интерпретациясын кездестіруге болады. Құбравия тариқатында рухани өрлеу сатыларының түс тізбегіне байланған тұтас жүйесі бар. Сонымен бірге тариқат жолын ұстанушыларын күнделікті және салттық киімдердің пішіні мен түс гаммасы бойынша да ажыратуға болады.

Бұл мақалада түрлі діни дәстүрлер мен философиялардағы шырақ рәмізі, соның ішінде Құбравия тариқатындағы түстер фотизмдерінің тәжірибесі бағамдалған.

Түйін сөздер: қасиетті шырақ, шырақ фотизмдері, сопылық, құбравия, түстер ассоциациялары.

Авторлардың биографисы

А. Темирбаева, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақстан, Астана қ.

Темірбаева Айгерім Алматқызы – PhD докторы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті (Алматы, Қазақстан) temirbayeva.aygerim@gmail.com

Т. Тemirbayev, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университеті,Қазақстан, Алматы

Темірбеев Түлге Тулипыевш – Бахд, Салтар Нумбрак Египет ислам университеті (Алматы, Қазақстан) Tlege.temirbeyev@jamil.com

А. Рыскиева, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университеті, Қазақстан, Астана қ.

Рыскиева Айымжан Әбуқызы – философия ғылымдарының кандидаты, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің дінтану кафедрасының меңгерушісі (Алматы, Қазақстан) abuaymjan@gmail.com

Қ. Қалиев , Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

Қасқырбек Кикбайұлы Қалиев – Пнд, Л.Н. Гумилев Еюрясян атындағы Ұлттық университет (Астана, Қазақстан) kashonti@mail.ru

А. Ақгүл, Эрджиес университеті, Түркия, Кайсери

Абдулла Акгуль – PhD, ассистент, Эрджиес университеті (Кайсери, Түркия) abdullahakgul@erciyes.edu.tr

Жүктелулер

Как цитировать

Темирбаева A., Тemirbayev Т., Рыскиева A., Қалиев . K., & Ақгүл A. (2024). Діни дәстүрлер мен философиялардағы шырақ рәмізі. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 90(4), 27–37. https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v90.i4.a3