Нахышбандийа тариқатының пірі Қожа Ариф Рәугари (1165-1262) және оның «Арифнама» трактатындағы діни-этикалық тұжырымдар
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.84.i2.1Аннотация
Мақалада Орталық Азияның діни өмірінде маңызды орын алатын Нахышбандийа тариқатының қалыптасу кезеңіндегі Хожаган қауымдастығының ІІ пірі Қожа Ариф Рәугаридің өмірі мен шығармашылығы және діни көзқарастары туралы айтылады. Қожа Ариф Рәугари өте күрделі кезеңде өмір сүрген тұлға. Оның жастық шағы Қарақан дәуірінің гүлдену кезеңіне тұспа- тұс келді. Одан кейін Селжұқтар, Қарақытайлар, Хорезм шах, өмірінің соңы Орталық Азияда Шыңғысхан шапқыншылығынан кейін орнаған Шағатай ұлысында өмір сүру тағдырына жазылды. Ол өзі өмір сүрген дәуірде саяси ахуал аумалы-төкпелі болса да, ұстазы Абдухалық Ғыждуаниден (Хожаган тариқатының І пірі) үйренген сопылық ілімді өзінің ғұмырлық ұстанымына рухани өзек етті. Осы жолда күндіз-түні ізденіп, тер төкті. Сопылық психо-техникалық жаттығуларды жасап, тақуалық бигінен көрінуге тырысып бақты. Еткен еңбегі ақталып, ұстазы Абдухалық Ғыждуанидің иджазасымен Хожаган қауымдастынын тізгінін қолына алды. Шәкірттеріне үлгі-өнеге көрсету мақсатында «Арифнама» атты трактат жазып қалдырды. «Арифнамада» сопылық ілімді терең игерудің алғышарттары, руханит қабаттарын кешіп өту әдіснамасы көрініс тапты. Атап айтқанда, Хаққа сапар шегудің (сайру-сулук) рухани тіректері мен сатылары, сопылықтағы шариғаттың орны, арифтік және уәлилік мақамдар, әдептілік т.б. кемелділіктің рухани қағидалары жөнінде өз тәжірибесімен тың байламдар жасады. Бұл зерттеуде Қожа Ариф Рәугаридің өмірімен бірге «Арифнама» трактаты және оның сопылық көзқарастары ғылыми талданатын болады.
Түйін сөздер: шейх, халифа, шариғат, тариқат, салих, сайру-сулук, ариф, әулие.