Мәдениеттанулық дискурстағы қазақ бейнелеу өнері: хх ғ. 90 жж.
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v.87.i1.05Аннотация
Аннотация: Бұл мақала Кеңес одағы ыдырағаннан кейінгі алғашқы оң жылдықтағы Қазақстан суретшілерінің шығармашылықтарын мәдениеттанулық талдауға арналған. ХХ ғасырдың соңғы он жылы Қазақстан мәдениетіндегі бетбұрыс кезең еді. Осы жаңа кезеңдегі қазақстандық бейнелеу өнерінің мазмұнына қатысты отандық зерттеушілердің еңбектеріне контент-анализ жасалып, суретшілер шығармашылықтарындағы өзекті тақырыптар зерделеніп, мәдениеттің бұл саласында да ұлттың рухани ұстынын сақтап қалуға, ұлтқа, ұлттың мүддесіне, діліне деген оң көзқарас, сілкініс пайда болғаны ашылып көрсетілді. Суретшілердің ұлттың мәдени болмысына көбірек қызығушылық таныта бастағаны, оны бейнелеудің жаңа тәсілдері жолындағы ізденістері зерттелді. Осы тенденцияның тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қазақ ұлттық мәдениетіне ерекше мән берілген мемлекеттік саясаттың оң ықпалы екені дәйектелді.
Мақалада ХХ ғасырдың соңындағы қазақстандық кескіндеме және мүсін өнерінің тақырыптары мен бейнелеу тәсілдері құрылымдық-семантикалық әдіспен талданып, көркем бейненің мағынасы ашылды; олардың ұлттық дүниетанымға негізделген, ұлттық болмысқа үндес ортақ қырлары аналогия әдісімен айқындалды.Сонымен қатар әлемдік кескіндеу және мүсіндеу өнерімен салыстырмалы талдау жасалып, мәселелері мен әдістеріндегі ұқсастықтары мен ерекшеліктері зерделенді. Бейнелеу өнерінің осы бір сындарлы кезеңдегі қазақ рухани мәдениетіндегі орны мен болашақ дамуына әсері ашылып көрсетілді.
Түйін сөздер: ұлттық мәдениет, қазақ бейнелеу өнері, дәстүр, кескіндеме, мүсін, ұлттық дүниетаным