ЖАҺАНДЫҚ ҚАТЕРЛЕР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕЛЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖАҢҒЫРТУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.84.i2.7Аннотация
қарастырылады. Модернизацияға балама ретінде ұсынылған постмодернизация мен постмодерндік мемлекетке сыни тұрғыдан талдау жасалып, оның жаһандық сын-қатерлер алдында тұрақты әрі тиімді еместігі айтылады. Әзірбайжан, Түркия, Қазақстан және Қытайдың модернизация үлгілеріне қысқаша шолу жасалып, жаңғырту үдерісі ұлттық мүдделер мен құндылықтарға нұқсан келтірмей, алдыңғы қатарлы елдердің даму деңгейіне жету мақсатына қызмет ететіні айтылады. Бірқатар жағдайларда жаһандық дағдарыстар әлеуметтік-экономикалық талаптардың өзгеруі аясында жаңғырту процестерін, әсіресе саяси модернизацияны және мемлекеттік институттардың тиімділігі мен икемділігін арттыру мақсатында реформаларды жеделдетуді қажет етеді. Батыстық либералдық демократия принциптерінің халықаралық құқықта және бірқатар халықаралық ұйымдардың жарғыларында жетекші орын алуы, дамушы елдерге олардың сіңуі кей жағдайда бұл елдердің ұлттық мүдделеріне қайшы келеді. Сондықтан әрбір мемлекет даму жолын анықтай отырып, шетелдік тәжірибеге жүгінумен қатар, өзінің ұлттық мүддесін басшылыққа алып, ұлттық ерекшеліктеріне сүйенуі керек.
Түйін сөздер: модернизация, постмодернизация, даму, жаһандық сын-қатерлер, ұлттық мүдделер