АРҒЫҚАЗАҚ ЖӘНЕ БАЙЫРҒЫ ҮНДІ ЕРТЕФИЛОСОФИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ ҮНДЕСТІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v.82.i4.4
        114 107

Аннотация

Адамзат ой-санасының эволюциясы мен рухани даму үдерісін зерделеу саналы адам – «homo sapiens»-тің әрқашан өзі өмір сүріп отырған орта мен төл болмысынан әлде бір мәнді табуға ұмтылатынын аңғартады. Бұл талпыныс адам болмысының өзіндік ерекшелігін айқындайды. Демек, күллі жаратылыс арасында адамзат ғана өз болмысының шегінен шығуға, философиялық тілмен айтқанда трансценденциялануға талпынады. Бұл транценденцияланудың нәтижелері мифте, дінде, философияда көрініс табады. Дүниетанымның бұл түрлерінде адам санасы болмыстың мәнділік сипаттары мен қасиеттерін танымның  түрлі формаларында бейнелейді. Адамның өзі және өзін қоршаған әлем туралы ең шекті көзқарастары мен түсініктері, идеялары мәдениет универсалияларында немесе философиялық категорияларда байыпталады. Әр халықтың дүниені түйсінуі мен қабылдауына ғұмыр кешіп отырған  табиғи ортасы, шаруашылық әрекеті және осы әрекет барысында қалыптасатын әлеуметтік қатынастары ықпал етеді. Сондықтан дүниетанымда сезімдік-бейнелік пен рационал-логикалық элементтер сабақтасады. Мифологиялық дүниетанымда  сезімдік-бейнелік элементтері басым болғанымен, рационал-логикалықтың нышандарын жоққа шығаруға болмайды. Мифологиялық дүниетаным көркем бейнелілігіне қарамастан дүниені адами ақыл негізінде түсінуге бағытталған ілкі қадам болды. Көптеген ертефилософиялық идеялар мен ой-толғаулар мифологиялық дүниетаным аясында пісіп жетіледі. Осыған орай мифологиядан ертефилософиялық пайымдауларға өтетін «ой көпірлеріндегі» дүниетанымдық (мәдени) универсалиялардың мәні мен танымдық рөлін айқындау маңызды. Бұл үнді және қазақ халқының дүниенің рухани және материал бастаулары, материя мен қуат, уақыт пен кеңістік, жауһар мен араз туралы ертефилософиялық түсініктерін және осы түсініктердің ұлттық менталитеттегі онтоаксиологиялық маңызын анықтауға ықпал етеді. 

Кілт сөздер: мифология, алғыфилософия, материя, жауһар, араз

Жүктелулер

Как цитировать

Ryskiyeva, A., Zatov, K., Atash, B., & Amrebayeva, Z. (2022). АРҒЫҚАЗАҚ ЖӘНЕ БАЙЫРҒЫ ҮНДІ ЕРТЕФИЛОСОФИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ ҮНДЕСТІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 82(4), 30–42. https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v.82.i4.4