ПЛАСТИКАЛЫҚ ТІЛДІҢ КӨРІНІСІ СПЕКТАКЛЬ ТЕАТРЫНДА: АКТЕР ДИСКУРСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v.82.i4.6
        63 89

Аннотация

Соңғы уақытта орындаушылық (перформативті) театры ұғымы мәдени және әлеуметтік сипаттағы зерттеулерде үнемі айтылып, үлкен маңызға ие болып келеді. Шартты түрде, заманауи сахналық қойылым шындықтың көрінісі ретінде қарастырылады, онда ойды жеткізудің негізгі тәсілдерінің бірі – жанды әрі нақты пластикалық тіл арқылы жеткізу. Драма театры орындаушысының денесі, дене бітімі және пластикалық тілі пластикалық көркем мәтіндерді құруға және ұсынуға қатысады.

Автор актердің жеке дене бітімінің табиғаты мен рөлін, оның спектакльдің көркемдік контекстіне әсерін зерттейді. Көркем мәтіндерді ерекше пластикалық жолмен жасауда актер мен режиссердің бірлескен авторлығы мәселесі өзекті болып табылады. Спектакльдің интертекстуалдылығы призмасы арқылы актердің пластикалық тілінің техникалық бейнелеу әдістері талданады, онда оның жеке және көркемдік жағы бір-бірімен араласады.

Актерлік өмір дискурсындағы драмалық қойылымның пластикалық тілін бейнелеу мәселелері мәдени зерттеулер үшін ғана емес, сонымен қатар орындаушылық театрдағы практикалық тәжірибелер үшін де үлкен маңызға ие. ХХ-ХХІ ғасырдағы драма театрының режиссерлерінің спектакльдерінде пластикалық тілдің қолданылуын салыстырмалы талдау фокустың режиссерден актерге аллегориялық ойшыл ретінде ауысу процесін бақылауға көмектеседі. Спектакльді талдау әдісі қазіргі заманғы орындаушылық (перформативті) театрының режиссерлері қолданатын пластикалық тілді бейнелеудің тиімді әдістерін қарастыруға мүмкіндік береді.

Орындаушылық театр контекстінде пластикалық тілді бейнелеу әдісі маңызды рөл атқарады, өйткені ол арнайы көркем мәтінді ұйымдастыру процесі ретінде денені көрсетудің нақты тәсілдерін құруда актердің жеке ізденісін өзекті етеді. Сонымен қатар, пластикалық көріністерді бақылау кезінде көрермен  жаңа уақытқа тап келіп, тудырушының позициясы тарапынан спектакльдегі оқиғалардың барысына ықпал ету мүмкіндігіне ие болады.

Жүктелулер

Как цитировать

Tsoy, A. (2022). ПЛАСТИКАЛЫҚ ТІЛДІҢ КӨРІНІСІ СПЕКТАКЛЬ ТЕАТРЫНДА: АКТЕР ДИСКУРСЫ. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 82(4), 51–62. https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v.82.i4.6