Ибн Сина фәлсафасындағы таным мәселесі

Авторлар

  • Zhakan M. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Imanzhusip R. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v74.i4.02
        149 161

Аннотация

Аталмыш мақалада Ибн Сина фәлсафасындағы таным мәселесіне ден қойылған. Яғни оның
теориялық, идеялық бастаулары тұжырымдалған. Мақаланың мақсаты түйсіну мәселесіне,
қабылдау мәселесіне, қиял мәселесіне жеке дара тоқталу болып табылады. Ибн Синаның таным
үрдісі ол материалды әлемде заттардың пайда болу үрдісі ретінде түсіндіруі. Ойшыл тұжырымы
бойынша материя мүмкіндік ретінде, ал ақыл-ой белсенді бастама ретінде өмір сүреді. Ал ақыл-
ой Ибн Сина бойынша екіге бөлінеді, ол Құдайлық және адами. Біріншісі заттарға алғышарт
болады, екіншісі олардың соңынан ереді. Зерттеу барысында авторлар мәселені жан-жақты
зерттеуге ықпал ететін аналитикалық, тарихи, жүйелік және салыстырмалы талдау әдістерін
қолданды.
Авторлардың пікірінше Ибн Синаның таным теориясындағы сауалдары, оның ішінде сезіну
мәселелері өзгеше, ерекше талқыланады. Мысалы, Ибн Сина көру үрдісін түсіндіруде Платонның,
Демокриттің және өзге де ежелгі грек философтарының көзқарастарына сыни қарайды. Және
көру арқылы біз тек объективті заттардың түстерін ғана сезіне аламыз деп айтады. Бұл сезінушілік
сыртқы заттардан сәулелерінің шағылысуы аясында болады.
Сонымен, Ибн Сина қиял мен елес шығармашылық танымның әр түрлі түрі болады деп
айтқан. Тіптен осы түрлердің мазмұнын сезім арқылы сыртқы шындықпен байланыстыруға
тырысты. Яғни олардың материалды субстратын тірі ағза миынан табуға талпынды.
Түйін сөздер: таным, таным теориясы, сыртқы сезім, ішкі сезім, түйсіну, шынайылық,
қабылдаушылық, қиял, елес.

Жүктелулер

Как цитировать

M., Z., & R., I. (2021). Ибн Сина фәлсафасындағы таным мәселесі. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 74(4), 11–20. https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v74.i4.02