Қазақтың үйлену -ғұрып жарлары: этнографиялық астары мен жанрлық саралануы
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v67.i1.02Аннотация
Мақалада қазақ этнографиясындағы үйлену рәсіміне қатысты жырлардың этнографиялық астары мен жанрлық жіктелуі жайында сөз болады. Той – халықтың дәстүрлі дүниетанымы мен әдет-ғұрпына, салт-санасына лайық қалыптасқан, қоғамдық мұратқа бағындырылған күрделі ғұрыптық рәсімдер кешені болып табылады. Бүгінгі ғылым оның тиянағын тұрмыстық ахуалдан немесе әлдеқандай тәжірибелік, машықтық қажеттіліктен емес, адамға ғана тән рухани-эстетикалық ерекшелік пен тәрбиелік маңыздылығы тұрғысынан зерттеуде. Ал оның құрамына үйлену ғұрпына қатысты айтылатын, өзіндік саз-әуені бар, көбінесе, жауаптасу-диалог түрінде айтылатын, өзіне тән поэтикалық формасы мен мән-мазмұны бар шығармаларды жатқызып, ішкі жанрлық түрлерге қарай той бастар, жар-жар, сыңсу, аушадияр, беташар, той тарқар деп сараланған. Автор осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, талдап, олардың тарихи-мәдени мәні мен бүгінгі күнгі тәлімдік маңызын ғылыми тұрғыдан негіздейді.
Түйін сөздер: үйлену-ғұрып жырлары, ғұрыптық рәсімдер, отбасылық ғұрып-фольклоры, рәсімдік өлеңдер, той бастар, жар-жар, сыңсу, аушадияр, беташар.