Ислам бірегейлігін қалыптастырудағы ханафи дәстүрінің рөлі (қазақстандық контекст)

Авторлар

  • М. К. Бектенова Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК, Республика Казахстан, г. Алматы
  • Н. Л. Сейтахметова Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН РК, Республика Казахстан, г. Алматы

Кілт сөздер:

исламская идентичность, Абу Ханифа, ханафитский мазхаб, исламская умма, казахские традиции, мировоззрение, религиозная вера, межконфессиональное согласие, толерантная ханафитская традиция.

Аңдатпа

Мақалада ханафи мазһабының мәні және оның қазақ қоғамының толерантты діни санасын дамытудағы рөлі айқындалады. Мақаланың авторлары ханафи мазһабын зерттеудің шетелдік ғылыми-зерттеу жә- не әлеуметтік дискурстардағы тәжірибесін талдауға салады. Сонымен қатар авторлар ханафи мазһабының зерттелуі мен таралуы жөніндегі зерттеулердің басым көпшілігінің бұл мазһабтың басымдыққа ие ай- мақтардағы тек діни бірегейлікті сақтап қалумен ғана емес, сондай-ақ діни тұрақтылықты да сақтау мүддесімен жүргізілетініне ерекше кө- ңіл аударады. Бұл тұрғыдан қазіргі ғылыми ізденістердің тағы бір ма- ңызды тақырыбы - толерантты діни сананы қалыптастырудағы хана­фи мазһабының мәні анықталады. Мақалада сондай-ақ қазақстандық әлеуметтік-мәдени және саяси шынайылықтағы ханафи мазһабының шынайы мәнін зерттеумен байланысты әлеуметтанулық деректер кел- тіріледі. Олардың нәтижесінде елімізде ханафи факторын қазақ руха- нилығының, ислами бірегейлігінің мәдени қалыптастырушы, құраушы бөлігі және қоғамды, сонымен қатар мұсылман үмметін де біріктіруші факторы ретінде қабылдайтынын түйіндеуге болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2015-03-01