Мәдениет айнасынан туындаған сандық ұрпақ

Авторлар

  • Д. Р. Сапарова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. М. Канагатова Халықаралық бизнес академиясы image/svg+xml

Аңдатпа

Әлемдік компьютерлік желі адамның шынайы кеңістігін ауыстырып, виртуалды шынайылыққа
алып келді. Жаңа желі коммуникациялық платформалар құрып, соның нәтижесінде жас ұрпақ
әлемнің кез-келген жерімен байланыс орнатуда. Сандық технологияларды тарату сандық
кеңістік түсінігін тудырды. Ал адамдар (көбіне жастар) – сандық ұрпақ немесе Google-ұрпақ
болып табылады. Алғаш рет сандық ұрпақ түсінігін педагог 2000 ж. М. Пренски жаңа құбылыс
ретінде ұсынды. М. Пренски алдыңғы ұрпақ жаңа ұрпақтан кардиналды айырмасы болады
деп тұжырым жасаса, ал Дж. Пэлфри мен К.Гассет Z ұрпақ бірегейлігі – сандық және шынайы
кеңістікпен ұсынылады деп есептейді. Осыған байланысты көптеген шетелдік және ресейлік
авторлар желілік ұрпақты тану үшін педагогикалық және психологиялық аспектілерге қатысты
зерттеулер жүргізді. Бұл жұмыстың жаңашылдығы сандық ұрпақты мәдениет пен оның кеңістігі
аясында тануға талпыныс жасауында. Мақала «Z ұрпақ», «Сандық аборигендер ұрпағы», «желілік
ұрпақ» феноменін зерттеуге бағытталған. Бұл сандық технологияларды белсенді пайдалану
шарттарымен 2000 жылдан бүгінге күнге дейінгі туылған ұрпақтарға байланысты айтылады. Н.
Хоув, У. Штраус ұрпақ теориясының концептісін негізге ала отырып, авторлар сандық ұрпақты
зерттеу мәселелерінің негізгі бағыттарын қарастырған. Мақалада «мәдени кеңістік» ұғымына
зерттеушілердің көзқарастарына талдау жасалынған, авторлар сандық ұрпақтың мәдени
кеңістігі ұғымына өздерінің бағасын берген, оның өзі медиамәдениетпен байланысты екені
даусыз. Алғаш рет сандық ұрпақтың мәдени кеңістігінің белгілері анықталған, сандық ұрпақтың
өзіндік бірегейлігі мен құндылықтық бағдарлары мәселесі көтерілген. Сандық ұрпақ құбылысын
зерттеуде теориялық деңгейдегі әдістер пайдаланылады. Аталған мәселе аз қарастырылған
және терең зерттеулерді қажет етеді. Мәдениеттанушы, психолог, нейроэкономист, маркетолог,
жастар саясаты мен білім бойынша сарапшылардың зерттеу саласында қызығушылық тудырары
анық.
Түйін сөздер: мәдени кеңістік, медиа мәдениет, сандық ұрпақ, сандық технологиялар.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-06-15